15:46 16 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.59
  • EUR429.06
  • RUB6.05
Сауль Канело Альварес

"Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жегіне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

© AP Photo / Isaac Brekken
Спорт
Қысқа сілтеме алу
6959 0 0

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес  қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді жеңіп, барлық титулын тартып алған еді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) жұдырықтасқысы келмейтінін ашық айтты. Оның сөзін The Athletic тілшісі Майк Коппинджер Twitter-де жариялады.

Альварес бұл туралы орташа ауыр салмақтағы WBO чемпионы, ресейлік боксшы Сергей Ковалевпен (34-3-1, 29 KO) кездесуіне арналған баспасөз мәслихатында айтқан. "Канело" ресейлік боксшымен 2 қарашада Лас-Вегаста кездеседі.

​"Канело" Головкинмен ісі біткенін және онымен үшінші рет жұдырықтасуға құлқы жоқ екенін айтты", - деп жазды Коппинджер.

Сондай-ақ Альварес өзінің промоутері Оскара Де Ла Хойяның айтқан сөзіне пікір білдіріпті. Бұған дейін промоутер "Канелоның" Головкинге қарсы жекпе-жегі келесі жылы болады деген еді.

"Оскар қайдағы-жоқты айта берді", - деді мексикалық боксшы.

Тағы оқыңыз: Де ла Хойя GGG - "Канело" үшінші жекпе-жегінің мерзімін ресми жариялады

Еске сала кетсек, Головкин мен Альварес Лас-Вегастағы кәсіби рингте екі рет кездесті. Олардың бірінші жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде төрешілердің шешімімен теңбе-тең аяқталып, үлкен дау-дамай тудырса, бір жыл бұрын мексикалық боксшы жеңіске жетті. Сөйтіп қазақстандық карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшырап, титулдарынан айырылып қалған.

GGG рингке 5 қазанда оралады, Нью-Йорк қаласында украин боксшысы Сергея Деревянченкомен жұдырықтаспақ. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы орта салмақтағы IBF және IBO чемпиондық белбеулерін қанжығасына байлайды.

Тақырып бойынша

Головкинді жеңген "Канело" ұлды болды
"Канело" Головкиннен кейінгі қарсыласын нокаутқа жіберді – толық видео
"Комиссия, промоутер, "Канело" мен WBC": Головкинге қарсы кімдердің сөзбайласқаны айтылды
"Канело" мен Джейкобс жекпе-жекке бір күн қалғанда төбелесіп кетті – видео
Кілт сөздер:
Геннадий Головкин, Сауль "Канело" Альварес
Загрузка...

Басты тақырып