19:36 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06

Зал шулап кетті: Левит төрешілердің шешіміне аң-таң болды – видео

© Sputnik / Александр Кряжев
Спорт
Қысқа сілтеме алу
1503710

Жекпе-жек кезінде Левиттің басымдығы барынша байқалды. Ол қарсыласын нокдаунға да түсірді. Бірақ төрешілер жеңісті эквадорлыққа берді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық боксшы финалға өтпей қалды. Василий Левит өз қарсыласын нокдаунға түсірсе де, ұпай санымен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

Левит жартылай финалда эквадорлық Хулио Кастильомен кездесті. Жекпе-жек кезінде оның басымдығы барынша байқалды. Өз қарсыласын нокдаунға да түсірді. Бірақ төрешілер жеңісті эквадорлыққа берді. Есеп - 3:2 (28-29, 29-28, 28-29, 29-28, 30-27). Жекпе-жектің шешімі жарияланғанда залда отырғандардың барлығы наразылық білдірді. Левиттің өзі аң-таң болды. Финалда Кастильо ресейлік Муслим Гаджимагамедовпен кездеседі.

Василий Левит 91 келіге дейін салмақ дәрежесіне өнер көрсетеді. Осы уақытқа дейін Азияның үш дүркін чемпионы атанған болатын. Әлем чемпионатында тек қола жүлдені ғана иеленген. Ал 2016 жылы Олимпиада ойындарында Василий Левит пен ресейлік боксшының жекпе-жегінде әділсіз төрешілік болды. Қазақстандық спортшы күміс жүлдені қанағат тұтты.

Қазақстандық боксшылардан кімдер ұтылды?

Бүгін 52 келіге дейінгі салмақта Қазақстанның боксшысы Сәкен Бибосынов үндістандық Амит Пангхалмен кездескен болатын. Ол да 2:3 есебімен ұтылып, қола жүлдені қанағат тұтты.

Тағы оқыңыз: "Мұндайды алғаш рет көрдім": екі боксшы бір уақытта нокдаунға түсті - видео

Ал 75 келіге дейін салмақ дәрежесінде Тұрсынбай Құлахмет филиппиндік Эумир Марсиалға қарсы жұдырықтасты. Бірінші раундта Құлахмет нокдаунға түсіп қалды. Қорытынды есеп - 0:5.

Тақырып бойынша

"Оның бәрі - сатқындық" Әділбек Ниязымбетов кімді кешіре алмайтынын айтты
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Левит "Астана аруы" қыздары туралы: маған ешқайсысы ұнаған жоқ
Қазақстан чемпионы адам өлтірді деген күдікпен ұсталды
Қазақстандық WBC чемпионы жеңілмеген америкалықты нокаутқа жіберді - видео
Кілт сөздер:
видео, төреші, жекпе-жек, Василий Левит
Загрузка...

Басты тақырып