20:41 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Флаг Казахстана

"Тек қана алға!": Тоқаев сенсация жасаған Бекзат Нұрдәулетовті құттықтады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Спорт
Қысқа сілтеме алу
342 0 0

Президент Бекзат Нұрдәулетов Екатеринбургте өткен бокстан әлем чемпионатында бокстың жарқын үлгісін көрсеткенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Бекзат Нұрдәулетовті Екатеринбургте өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.    

"Бекзат Нұрдәулетовті Екатеринбургте өткен бокстан әлем чемпионатында көрсеткен керемет өнерімен құттықтаймын. Ол бокстың жарқын үлгісін көрсетті. Спортта Бекзат зор табысқа жетеді деп сенемін. Токио Олимпиадасында Бекзатқа жеңіс тілеймін! Тек қана алға!", - деп жазды президент twitter-дегі парақшасында.

Тағы оқыңыз: Айтжанов Қоңқабаевтың өзбектен жеңілуіне кім кінәлі екенін айтты

Естеріңізге сала кетейік, Бекзат Нұрдәулетов Ресейдің Екатеринбург қаласында әлем чемпионы атанды. Финалда жерлесіміз өзбек боксшысы Дилшодбек Рузметовпен кездесті.  

Ал жартылай финалда төрт дүркін әлем чемпионы, Олимпиада жеңімпазы Хулио Ла Крусты жеңіп, сенсация жасаған болатын. Танымал спортшы нокдаун да алып қалды. Осыдан үш жыл бұрын Рио Олимпиадасында дәл осы кубалық боксшы қазақ Әділбек Ниязымбетовтен басым түсіп, чемпион болған еді.

Тақырып бойынша

"Алға, Бекзат!": 22 жастағы қазақ боксшысы әлем чемпионы атанды - видео
Де ла Хойя GGG – "Канело" үшінші жекпе-жегінің мерзімін ресми жариялады
Қазақстандық WBC чемпионы жеңілмеген америкалықты нокаутқа жіберді - видео
"Өте ұят шешім": Қазақстан Левиттің жекпе-жегіне қатысты AIBA-ға хат жолдады
Кілт сөздер:
боксшы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып