Спорт

Батыр Жүкембаев екі чемпиондық белбеуді жеңіп алды – видео

© Photo : Vincent Ethier / EOTTMБатыр Джукембаев победил Косми Риверу
Батыр Джукембаев победил Косми Риверу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеңілмеген қазақ боксшысы бос тұрған WBA Continental және IBF Inter-Continental белбеулерін жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізді.

Ол Монреалда (Канада) мексикалық Мигель Васкеспен (41-8, 15 КО) жұдырықтасты, деп хабарлады Sports.kz.

Жекпе-жекте екі чемпиондық белбеу – бос тұрған WBA Continental және IBF Inter-Continental бәске тігілді.

Тағы оқыңыз: Айтжанов Қоңқабаевтың өзбектен жеңілуіне кім кінәлі екенін айтты

Жүкембаев төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетіп, екі белбеуді де иеленді. Жеңілмеген қазақстандық боксшының жекпе-жегін төменде көруге болады.

Батыр Жүкембаев үшін бұл кәсіби карьерасындағы он жетінші жеңіс болды, ал Мигель Васкес тоғызыншы рет жеңіліске ұшырады. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы үшін бұл үшінші титулдық жекпе-жек екенін айта кету керек.  

Жаңалықтар
0