Спорт

Арман Оспанов нокаутқа түсіп қалды – видео

Жазылу
Жекпе-жек екінші раундтың соңында Полпудниковтың жеңісімен аяқталды. Ресейлік спортшы Оспановты нокаутқа жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық Арман Оспанов (9-2) пен ресейлік Алексей Полпудников (27-5-1) аралас жекпе-жектен Absolute Championship Akhmat 99 турнирінде осымен үшінші рет кездесті, деп хабарлайды Sports.kz.

Жеңіл салмақтағы үш раундтық жекпе-жек екінші раундтың соңында Полпудниковтың жеңісімен аяқталды. Ресейлік Оспановты нокаутқа жіберді. Мәскеуде өткен спортшылардың үшінші кездесуін төменде көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Арман Оспанов пен Алексей Полпудников алғаш рет 2013 жылы айқасты. Ол кезде қазақстандық файтер бірінші раундтың алғашқы минутында техникалық нокаутпен ұтқан болатын. Дегенмен 2017 жылы ресейлік реванш алды – ол төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Тағы оқыңыз: Арман Оспанов қарсыласын тізесімен талдырып тастады – нокауттың видеосы 

Жаңалықтар
0