06:33 14 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD389.34
  • EUR428.78
  • RUB6.05
Сауль Канело Альварес

Канело Головкинмен үшінші жекпе-жектен неліктен бас тартқанын түсіндірді

© AP Photo / Kathy Willens
Спорт
Қысқа сілтеме алу
876 0 0

Мексикалық боксшы журналистерге берген сұхбатында Головкин үшінші рет кездесуге лайық емес дегенге келтірді  

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек — Sputnik. Орта салмақтағы WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жектен бас тарту туралы шешіміне түсініктеме берді.

Шолушы Крис Мэнникстің Twitter-дегі парақшасында Альвареспен сұхбаттан үзінді жарияланды.

​"Мен Головкинмен үшінші жекпе-жектен бас тартамын, өйткені оның маған көк тиынға керегі жоқ. Оны екі рет ұттым. Бірінші жекпе-жекте де, екіншісінде де жеңдім деп ойлаймын. Оның маған еш пайдасы болмаса, үшінші жекпе-жек не үшін керек? Қайдағы жоқ біреулермен жекпе-жек өткізіп жүр. Ол IBF титулын иеленген күннің өзінде, оны ешкім емес біреумен жұдырықтасып жеңіп алған болады", - деп мәлімдеді Канело.

Бұған дейін мексикалық боксшының промоутері Оскар Де Ла Хойя GGG мен Канелоның үшінші жекпе-жегі 2020 жылы өтеді деп мәлімдеген еді.

Тағы оқыңыз: Де ла Хойя Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

Саул Альварес пен Геннадий Головкиннің алдыңғы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары өтті.

Алғашқысында боксшылар тең түстік. Екінші жекпе-жекте төрешілер жеңісті Канелоға берді.

Головикн 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасады. Боксшылар бұрын Альвареске тиесілі болған, қазір бос тұрған IBF белбеуіне таласады.  

Тақырып бойынша

"Тұтқындау керек": Төрешілердің Головкинді жығып бергені жайлы айғақ шықты
Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегіне кім кедергі болғаны анықталды
Абель Санчес: Головкиннің Роллсқа қарсы айқасы мені қызықтырған жоқ
Ермахан Ибрайымов: Головкин енді еш уақытта Альвареспен кездеспеу керек
"Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жегіне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
Загрузка...

Басты тақырып