Спорт

Головкин-Деревянченко жекпе-жегін қандай телеарналар көрсетеді

© Sputnik / Тимур БатыршинГеннадий Головкин во время пресс-конференции
Геннадий Головкин во время пресс-конференции - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар боксшылар Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың жекпе-жегін тікелей эфирден көре алады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан — Sputnik. Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін орта салмақтағы боксшылар Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасындағы көптен күткен жекпе-жекті "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Бокс кеші 6 қазанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 5:00-де басталады. Кештің басты қаһармандары Головкин мен Деревянченко шаршы алаңға шамамен сағат тоғызда шығады деп күтілуде.

Сондай-ақ бұл күні тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов жекпе-жек өткізеді. Ол америкалық боксшы Эндрю Эрнандеспен жұдырықтасады.

Еске сала кетсек, Головкин мен Деревянченко IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белдеулері үшін таласады.

Жаңалықтар
0