13:05 22 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD386.44
  • EUR428.37
  • RUB6.06
Қанат Ислам

"Сергей өте мықты": Қанат Ислам Головкиннің ертеңгі жекпе-жегінде кім жеңетінін болжады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Спорт
Қысқа сілтеме алу
3983 0 0

Қанат Ислам Сергей Деревянченконың осал қарсылас емес екенін айта келе, жекпе-жек қалай өрбитінін болжап көрді

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (15-0, 11 КО) Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) – Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлады Vesti.kz.

"Мен Деревяченкомен екі рет жұдырықтастым. Алғашқысында жеңіп, екіншісінде жеңілдім. Ол өте мықты боксшы. Дегенмен Головкиннің деңгейі жоғары. Сергей ашық айқасқа шығады, ал Головкин одан айласын асырады. Мен оған сенемін. Головкинге тек сәттілік тілеймін. Ол біздің еліміздің даңқын асырып жүр" , - деді Ислам.

Боксшылардың жекпе-жегі 5 қазанда (Нұр-Сұлтан уақытымен 6 қазан күні шамамен сағат 9:00-де басталады) Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Онда орта салмақтағы IBF және IBO титулдары бәске тігіледі.

Ермахан Ибрайымов: Головкин енді еш уақытта Альвареспен кездеспеу керек

Исламның өзі орта салмақтағы WBO International екінші дәрежелі титулы үшін намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) кездеседі. Жекпе-жек 26 қазанда "Алматы Аренада" өтеді.  

Тақырып бойынша

Серік Сәпиев неліктен Головкиннің көмегінен бас тартқанын айтты   
Канело Головкинмен үшінші жекпе-жектен неліктен бас тартқанын түсіндірді
Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларға үндеу жасады
Головкин-Деревянченко жекпе-жегін қандай телеарналар көрсетеді
Кім ауыр? Головкин мен Деревянченко жекпе-жек алдында салмақ өлшеді
Кілт сөздер:
Қанат Ислам, Головкин
Загрузка...

Басты тақырып