18:05 22 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.86
  • EUR435.32
  • RUB6.12
 Головкин-Деревянченко баспасөз мәслихаты

Екі боксшы да журналистер алдына шықпады: жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихаты

Спорт
Қысқа сілтеме алу
382 0 0

Головкин мен Деревянченко жекпе-жектен кейін ауруханаға кеткен, сол себепті баспасөз мәслихатына қатыса алмады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Нью-Йоркте қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жектің қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Екі боксшы да журналистер алдына шыққан жоқ.

Украиналық боксшының промоутері Лу ДиБелла Головкин мен Деревянченко ауруханаға бара жатқандықтан, баспасөз мәслихатына қатыса алмайтынын айтты.

Қос боксшының айқасы Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен болатын. Жекпе-жек барлық 12 раундқа созылды. Кездесудің алғашқы раундында қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші раудта Головкиннің жойқын соққысынан украиналық боксшының қабағы жарылып, жарақат алды.

Тағы оқыңыз: Головкин мен Деревянченко жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді

Төрешілер шешімімен Геннадий Головкин жеңіске жетті. Осылайша, ол кәсіби рингтегі 40-шы жеңісіне қол жеткізіп, орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды.

 

Кілт сөздер:
жекпе-жек, Деревянченко, Геннадий Головкин
Загрузка...

Басты тақырып