19:57 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Геннадий Головкин

Сәпиевті жеңген боксшы Головкинмен жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

© AFP 2019 / LUCAS BARIOULET
Спорт
Қысқа сілтеме алу
377 0 0

Ал Головкиннің өзі поляк боксшысымен жекпе-жек өткізетіні туралы ештеңе айтқан жоқ. Оның промоутері жапондық боксшы Муратомен келіссөз жүргізіп жатқанын жеткізген еді

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) келесі жекпе-жекте IBF және IBO титулдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) кездесетінін мәлімдеді.

Польшаның TVP телеарнасына берген сұхбатында Шеремета қараша айында дайындыққа кірісетінін айтты. Бұған дейін АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдары Головкин мен Шеремета арасындағы келісімнің дайын екенін хабарлаған болатын. Шереметаның промоутері Анджей Василевский де келіссөздердің аяқталғанын растады.

"Біз WhatsApp арқылы сөйлесіп жатырмыз. Дегенмен, сәл күте тұрайық, бәрін анықтап алу қажет. Негізі, келіссөздер, шынымен де, аяқталды. Келісім бар. Бірақ толығымен аяқталған жоқ. Ашығын айту керек, барлығы Головкинмен жұдырықтасқысы келеді. Біз, шынымен де, келістік. Бірақ бірнеше шарт бар. Сәл күте тұрайық, біз де осы жекпе-жектің болғанын қалаймыз", - дейді Василевский.

Ал Геннадий Головкиннің өзі поляк боксшысына қарсы шығатыны жайында ештеңе айтқан жоқ. Осыдан екі күн бұрын оның промоутері Том Леффлер жапондық боксшы Риото Муратомен (15-2, 12 КО) келіссөз жүргізіп жатқанын жеткізген.

Шереметаның жетістіктері қандай?

Өткен айда Камил Шеремета IBF рейтінгісінде үшінші орында тұрған. Осы жолы ол Головкин-Деревянченко жекпе-жегінің андеркартында мексикалық боксшы Оскар Кортесты (27-5, 14 КО) нокаутпен жеңді.

Қазан айында оның рейтингісі көтеріледі деген болжам бар. Сөйтіп, Шеремета IBF титулы бойынша басты үміткерлердің бірі болады. Өткен айда поляк боксшысы промоутер Эдди Хирнмен келісімшартқа отырды. Хирн Головкинмен де жұмыс істейді.

Кәсіби рингте Шеремета 21 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілген жоқ. Бес қарсыласын нокаутпен ұтты. Ал әуесқой бокста 192 жекпе-жекте 22 рет жеңіліп, екі рет тең түскен. 2010 жылы Қазақстанның Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтен басым түскен болатын.

GGG-дің поляк боксшыларына қарсы жекпе-жектері 

Геннадий Головкин кәсіби рингте поляк боксшыларымен екі рет кездескен. 2006 жылы ол Германияда өткізген үшінші жекпе-жегінде поляк Даниэль Урбаньскийге қарсы жұдырықтасты. Үшінші раунда қарсыластың қабағы қатты жарылып кетті. Поляк боксшысы төртінші раундқа шыққан жоқ. Осылайша, GGG техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

2012 жылы Головкин тағы бір поляк боксшысымен кездесті. Бұл оның Америкадағы алғашқы жекпе-жегі болды. GGG-ге қарсы Еуропа чемпионы Гжегож Прокса шықты. Геннадий өз қарсыласын бірінші раундта бірден нокдаунға түсірді. Төртінші раунда Прокса тағы бір нокдаун алып қалды. Ал бесінші раунда кезекті нокдауннан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Тақырып бойынша

Зал шулап кетті: Головкин жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады
Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
"Мұндайды алғаш рет көрдім": екі боксшы бір уақытта нокдаунға түсті - видео
Серік Сәпиев неліктен Головкиннің көмегінен бас тартқанын айтты   
Күтпеген жағдай болды: қазақстандық боксшы алғаш рет жеңіліс тапты – видео
Әлемге әйгілі боксшы қаза болды
Головкин мен Деревянченко жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді
Кілт сөздер:
жекпе-жек, Серік Сәпиев, Геннадий Головкин
Загрузка...

Басты тақырып