Спорт

Боксшы нокауттан кейін комаға түсті – видео

© REUTERS / USA TODAY Sports/Jon DurrАмериканский боксер Патрик Дэй
Американский боксер Патрик Дэй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Боксшы Патрик Дэй қарсыласы Чарльз Конвелдің жойқын соққысынан кейін құлап түсті. Ол өздігінен қайта тұра алмады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Америкалық боксшы Патрик Дэй отандасы Чарльз Конвелмен жұдырықтасқаннан кейін шұғыл ауруханаға жеткізілді. Патрик ауыр нокаутқа түсті, оны рингтен зембілмен алып кетті.

​Патрик ауруханаға барар жолда есінен танып қалды, содан кейін ол комаға түсті. Чикаго ауруханасында дәрігерлер миға жедел операция жасады. Қазіргі уақытта олар спортшының өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр, деп хабарлады Fightnews.

Басылымның мәліметінше, дәрігерлер боксшының жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Айта кетейік, Патрик Дэй мен Чарльз Конвелл жекпе-жегіндегі нокаут оныншы раундта болды.

Кездесу Чикагода Александр Усик пен Чэз Уизерспун арасындағы жекпе-жектің андеркардында өтті.  

Жаңалықтар
0