Спорт

Боксшы жекпе-жекте қарсыласын емес, төрешіні нокаутқа түсірді - видео

CC0 / / Боксерский ринг
Боксерский ринг - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төреші төбелесіп жатқан спортшыларды ажыратпақ болғанда, басынан соққы алып құлайды. Жекпе-жекті тоқтатуға тура келген

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Жапонияда бирмалық бокстан өткен Lethwei 14 in Japan турнирінде спортшы төрешіні нокаутқа жіберді. Видео Twitter желісінде жарияланды.

Жекпе-жектің жетінші секундында төреші жұдырықтасып жатқан боксшыларды ажыратпақ болғанда, басынан ауыр соққы алып, тәлтіректеп барып құлайды.

Жекпе-жекті тоқтата тұруға тура келді, өйткені төреші біраз уақытқа дейін өз-өзіне келе алмаған.

Бирмалық бокстың ерекшелігі – қолғаптың орнына дәке орайды, сондай-ақ баспен ұруға рұқсат етіледі.

Жаңалықтар
0