19:11 12 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.70
  • EUR428.70
  • RUB6.08
Конор Макгрегор

"Өте жақсы дамыған": Макгрегор Қазақстан туралы сұраққа жауап берді

© AP Photo / John Locher
Спорт
Қысқа сілтеме алу
439 0 0

Конор Макгрегор қазақстандық боксты жоғары бағалап, сүйікті тағамы және UFC-ге қашан оралатыны туралы айтты  

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Аты аңызға айналған ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор Киевте өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық спортшылар туралы пікір білдірді.

"Қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері жайлы естімедім. Қазақстанда бокс өте жақсы дамығанын және еркін күрес секілді бай тарихы бар екенін білемін. Дегенмен қазақстандық файтерді  кездестіргенім есімде жоқ. Егер мені шақырсаңыздар, Қазақстанға баруым мүмкін", - деп жауап берді ирландиялық ММА-дегі қазақстандықтар туралы сұраққа.   

Сондай-ақ Конор жақын арада UFC-ге оралып, жаңа қарсыластарын жариялайтынын айтты.

Макгрегор сегізбұрышқа соңғы рет 2018 жылдың қазан айында шықты. Ол кезде ресейлік Хабиб Нурмагомедовтан жеңіліп қалды, жекпе-жектен кейін спортшылар командалары арасында төбелес болып, салдарынан екі спортшы да шеттетілді.

Тағы оқыңыз: Головкин Нурмагомедовтің жеңісінен кейін шаршы алаңға "шығып кетті"

Сонымен қатар, Макгрегор өзінің сүйікті тағамы әйелі пісіретін киевше котлет, ал сүйікті сусыны виски екенін айтты.

UFC экс-чемпионы Украинаға Parimatch компаниясының арнайы шақыруымен ұшып келді. Баспасөз конференциясы белгіленген уақыттан үш сағат кешігіп басталды, спортшы қалың тұманға байланысты уақытында келе алмаған.   

Тақырып бойынша

Қазақстандық пен ресейлік арасындағы жекпе-жек төбелеспен аяқталды - видео
Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға жасырын келіп, игі іс жасады
Макгрегор өзінің жүру мәнерін салған қазақ баласына жауап қайтарды  
Хабибтен жеңілген Порье көз жасын тыя алмады – жекпе-жектің видеосы
Конор Макгрегор АҚШ-та қамауға алынды
Кілт сөздер:
UFC, Қазақстан, Конор МакГрегор
Загрузка...

Басты тақырып