20:18 12 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.70
  • EUR428.70
  • RUB6.08
Қақпадағы доп, архивтегі фото

Мұндайды қайтып көрмейсің: Қақпашы екі минутта екі гол жіберіп алды – видео

© Sputnik / Алексей Филиппов
Спорт
Қысқа сілтеме алу
977 0 0

Қақпашы командасы жеңіліп жатқан кезде гол жіберіп алды, бірақ бұл оған сабақ болмады, дәл сол қателікті қайталап, тағы бір доп өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша — Sputnik. Жапонияның "Эхимэ" футбол командасының қақпашысы Масахиро Окамото екі минуттың ішінде алаң ортасынан екі рет гол жіберіп алды, деп хабарлады "Евроспорт".

Окамото өзінің айып алаңынан тыс жерде ойнағанды ​​ұнататын атақты неміс қақпашысы Мануэль Нойерге "еліктеген" болса керек.

Ешкім күтпеді: футболшы пенальтиден таңғажайып гол соқты – видео

Қақпашы 61-минутта командасы 1:0 есебімен ұтылып жатқан кезде қақпадан шығып кетті, ал "Ямагата" футболшысы Шан Накамура дереу бұл мүмкіндікті пайдаланып, алаң ортасынан допты қақпаға тепті.

​Окамото қателіктен сабақ алмады, келесі минутта тағы да алаңның ортасына қарай шығып кетіп, дәл сондай гол жіберді. Бұл жолы Тацухиро Сакамото шеберлік танытты.   

​"Ямагата" командасы "Эхимэні" 3:0 есебімен жеңді. Клуб Жапонияның екінші лигасында екінші орында, "Эхимэ" 16-шы орында келеді.

Тақырып бойынша

19 жастағы футболшы Гиннесс рекордтар кітабына екі рет енді
Қазақстан құрамасы Португалияны жеңіп, сенсация жасады
Кеудесіне доп тиген футболшы көз жұмды
Футбол командасы қарсыластың қақпасына бір матчта 43 гол соқты
Шетелде ойнап жүрген қазақ баласын "Қайрат" миллион еуроға сатып алмақ
Кілт сөздер:
видео, футбол
Загрузка...

Басты тақырып