Спорт

Қазақстандық спортшы қарсыласын ерекше тәсілмен тұншықтырып жеңді – видео

© Sputnik / Дархан МусинЧемпионат РК по ММА
Чемпионат РК по ММА  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Ерназ Мұсабек Бахрейнде өтетін ММА-ден әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша — Sputnik. ММА әлем чемпионатының ширек финалында Ерназ Мұсабек жергілікті спортшы Мансур Магомедовпен жекпе-жек өткізді. Қазақстандық спортшы "гогоплата" деп аталатын ерекше тұншықтыру тәсілін қолданып, бірінші раундта жеңіске жетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Магомедов бұл тәсілден кейін есінен танып қалды. Төреші жекпе-жекті бірден тоқтатты, деп хабарлайды Sports.kz.

Кездесу қорытындысы бойынша Ерназ Мұсабек әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Тағы оқыңыз: Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео

ММА әлем чемпионаты Бахрейнде 9 қараша күні басталды. Жарыс 17 қараша күні аяқталады.

Жаңалықтар
0