Спорт

Қазақстандық сұлу спортшы қыз күтпеген жерден карьерасын аяқтады  – фото

CC0 / vesnazajchenko / Девушка перед спарингом
Девушка перед спарингом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Варвара Полторанина аралас жекпе-жекке балеттен келген. Танысының залдағы суретін көріп, осындай шешім қабылдапты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша — Sputnik. ММА-де өнер көрсететін өскемендік спортшы Варвара Полторанина спорттағы карьерасын аяқтағанын хабарлады. Ол бұл туралы өзінің Instagram желісінде жазған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @varya_poltoranina

"Үш жылда өткен жолым қиын, бірақ жақсы болды. Спорттың арқасында таныстарым көбейді. Бапкерімді мақтан тұтамын. Небәрі үш жылда осының бәріне қалай үйретті деп таңғаламын. Бұл спортта болғаныма қуаныштымын. Маған қолдау көрсеткендердің бәріне алғыс айтамын. Енді жаңа кезең басталады", - деді Варвара Полторанина.

Спортшы қыз аралас жекпе-жекке балеттен келген. Нәзік көрінгенімен, октагонда қарсыластарынан осал болмады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @varya_poltoranina

Полторанина сұқбат кезінде ата-анасы бұл спорт түрін таңдағанына қатты таңғалғанын айтқан болатын.

"Танысымның фотосын көріп, мен де сол залға бара бастадым. Ата-анам қарсы болды. Бірақ мен өзім осындай шешім қабылдадым. ММА-де түрлі жекпе-жек түрі бар. Сонысымен қызық болды", - деді Варвара Полторанина Sports.kz-ке.

Жаңалықтар
0