Спорт

ММА файтерлері бір уақытта бірін-бірі нокдаунға жіберді

© Sputnik / Дархан МусинЧемпионат РК по ММА
Чемпионат РК по ММА  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
22 жастағы Лопес соққыдан кейін бірден орнынан тұрса, 31 жастағы Невеш ес жия алмады. Оқиға Португалиядағы ММА турнирінде болған

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Аралас жекпе-жек (MMA) шеберлері Эдер Лопес және Диего Невеш бірін-бірі нокдаунға түсірді. Видео TwitterMikeyThomas желісінде жарияланды.

​​Жекпе-жекті Португалиядағы ECE промоушені ұйымдастырған. Қос спортшы арасындағы жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Олар ашық шабуылға шығып, бірін-бірі нокдаунға жіберді.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық пен ресейлік арасындағы жекпе-жек төбелеспен аяқталды - видео 

22 жастағы Лопес соққыдан кейін бірден орнынан тұрса, 31 жастағы Невеш ес жия алмады.

Жаңалықтар
0