Спорт

Төреші жекпе-жекті тоқтатты: Елеусінов қарсыласын жойқын нокаутқа түсірді - видео

Боксер Данияр Елеусинов
Боксер Данияр Елеусинов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
28 жастағы қазақстандық үшін бұл кәсіпқой карьерасындағы тоғызыншы жеңіс. Елеусінов кәсіпқой рингте 2018 жылдың сәуірінде алғашқы жекпе-жегін өткізген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан - Sputnik. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (8-0, 4 КО) америкалық Алан Санчеспен (20-4-1, 10 КО) кездесті. Жекпе-жек АҚШ-тың Аризона штатындағы Финиксте өтті.

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген болатын. Елеусінов бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Төреші Даниярдың қарсыласының көзінің жағдайын көріп, жекпе-жекті тоқтатты, деп хабарлайды Sports.kz.

28 жастағы қазақстандық үшін бұл кәсіпқой карьерасындағы тоғызыншы жеңіс. Елеусінов кәсіпқой рингте 2018 жылдың сәуірінде алғашқы жекпе-жегін өткізген болатын. Биыл Данияр төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті. Ал жерлес боксшының қарсыласы Санчес жартылай орта салмақтағы WBC Continental Americas чемпион титулының иегері болған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Daniyar Yeleussinov (@yeleussinovdaniyar)

 

Жаңалықтар
0