Спорт

Головкиннің шаршы алаңға нақты қашан шығатыны белгілі болды

© AFP 2024 / Frederic J. Brown Геннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
IBF ұйымы Головкинге тиесілі белбеуге міндетті үміткер ретінде польшалық боксшы Камил Шереметаның есімін атады

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн қазақстандықтың шаршы алаңға қашан оралатынын мәлімдеді, деп хабарлады Prosports.kz.

"Аузын жаптым": Альварес GGG-мен үшінші жекпе-жек жайлы әңгімеге нүкте қойды

IBF ұйымы Головкинге тиесілі белбеуге міндетті үміткер ретінде польшалық боксшы Камил Шереметаның есімін атады. Бұрын хабарланғандай, тараптар жекпе-жектің барлық егжей-тегжейін талқылап болған, енді жекпе-жектің өтетін күнін таңдау ғана қалды.

"Головкин Шереметамен наурыздың соңында, дәлірек айтқанда 28-інде кездесуі ықтимал", - деді Хирн Bokser.org-ке берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, GGG 5 қазанда украиналық Сергей Деревянченкомен болған жекпе-жекте екі әлем чемпионы белбеуін жеңіп алған болатын.

Жаңалықтар
0