Спорт

Макгрегор Серронені жойқын нокаутқа түсірді - видео

© REUTERS / MIKE BLAKEКонор МакГрегор после боя с Дональдом Серроне
Конор МакГрегор после боя с Дональдом Серроне - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын. Алайда Макгрегор октагонда небәрі 40 секунд болып, қарсыласын сұлатты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Ирландиялық Конор Макгрегор америкалық Дональд Серронені нокаутқа түсірді. Ол небәрі 40 секунд ішінде жеңімпаз атанды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MMA Island J.r. (@mma.island.jr)

31 жастағы ирландиялық үшін бұл аралас жекпе-жектегі 22-ші жеңісі. Төрт рет жеңілген болатын. Ал 36 жастағы Серроне осымен 14-ші кездесуін жеңіліспен аяқтап отыр. 36 рет жеңіске жеткен.

MMA Fighting басылымы Невада штатындағы Атлетикалық комиссияға сілтеме жасап бұл кездесу үшін Макгрегор 3 миллион доллар алатынын айтты. Ирландиялық үшін бұл карьерасында жекпе-жек үшін алған ең жоғары сома. 

Еске сала кетсек, 2018 жылдың ұазан айында Хабиб Нурмагомедовтан жеңілген соң Макгрегор октагонға алғаш рет шығып тұр. Кездесуден кейін командалар арасында жанжал мен төбелес шығып, екі спортшы да алдағы жекпе-жектерден шеттетілген болатын.

Жаңалықтар
0