16:36 29 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD381.10
  • EUR420.81
  • RUB5.65
Спорт
Қысқа сілтеме алу
149 0 0

Нұр-Сұлтан қаласының бес мектебінде пилоттық жоба негізінде дене шынықтыру пәндеріне қазақ күресі енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Қазақ күресі федерациясының бастамасымен елорда мектептерінде дене шынықтыру сабақтары жаңа үлгіде өткізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда оқу бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды

Қазақ күресі федерациясының президенті Дәурен Абаевтың айтуынша, ұйымның негізгі мақсаты – қазақ күресін әлемдік деңгейге көтеру. Осы жолда қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу жұмысы қолға алынды. Бүгінде 100 сағаттық оқу бағдарламасы әзірленді. Онда күреске қатысты барлық материал қамтылған.

"Алдағы оқу жылында пилоттық жоба негізінде Нұр-Сұлтан қаласының бес мектебінде дене шынықтыру пәндеріне қазақ күресі енгізіледі. Сондай-ақ, қазақ күресін барлық мектепке қосу үшін мамандардың жетіспеушілігі туындауы мүмкін. Сондықтан біз мамандар даярлайтын қазақ күресі академиясын ашуды қолға алып отырмыз", - деді Абаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, академия мамандарды оқытып қана қоймай, төрешілердің біліктілігін де шыңдап отырады. Сол жерде ұлттық күрес ғылыми тұрғыда зерттеледі.

"Мектепте қазақ күресі дене шынықтыру сабағын толығымен алмастырады деген сөз емес. Әзірше пилоттық жоба болады. Сосын қазақ күресін үйрететін мамандар қажет. Оларды академияда даярлайды", - деп атап көрсетті Абаев.

Айта кетейік, Қазақ күресі федерациясының 2016-2021 жылдарға арналған даму стратегиясы бойынша ұлттық күресті мектеп бағдарламасына енгізу көзделген. Жоспарға сәйкес, 5-11 сынып оқушылары кәсіби тұрғыда дайындалса, 1-4 сынып оқушылары тек акробатикалық әдістемесін ғана үйренеді. Әзірше қазақ күресі вариативті пән ретінде енгізіліп отыр, яғни оқушылар оған өз қалауына қарай қатысады. Ал мамандар тапшылығы шешілгеннен кейін міндетті пән болады. Оған шамамен 3-4 жылдай қажет.

Тақырып бойынша

Қазақстанда ақылы ҰБТ тапсыру басталды
Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап не өзгереді?
Қазақстан мектептерінде 1 қыркүйектен жаңа пән оқытыла бастайды
"Кім жауап береді?": Сенатор білім саласындағы былықты жайып салды   
Он жасар оқушының Тоқаевқа хаты: білім министрлігі жауап берді
Кілт сөздер:
қазақ күресі
Загрузка...

Басты тақырып