16:42 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Спорт
Қысқа сілтеме алу
152 0 0

Қазақстандық спортшының пікірінше, жекпе-жек кезінде бапкері оған позицияны өзгерту туралы кеңес берген

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов бразилиялық Раулиана Пайвамен өткізген жекпе-жектегі жеңілісіне бапкерін кінәлі деп санайды.

Төрешілердің бірауыздан, бірақ даулы шешімімен Жалғас Жұмағұлов UFC 251 турниріндегі жекпе-жекте Раулиана Пайвадан жеңілген болатын.

Қазақстандық спортшының пікірінше, бұл жеңіліске оның бапкері кінәлі.

"Қарсыласымның бауырына тигізген қатты соққыларым болды. Ол бүгіліп қалды, бірақ мен шбуылды соңына дейін жеткізбедім. Содан кейін сол қолыммен де дөп тигіздім. Мүмкін ол камерадан көрінбейді, ал бетпе-бет тұрғанда ол анық көрінеді. Осының бәрінде шабуылды соңына дейін жеткізбегенім айқын сезіледі. Егер осы позицияны өзгертпей, соңына дейін жеткізгенімде қарсыласымды нокаутқа түсіруші едім. Барлық сұрақ бапкеріме. Өйткені, ыңғайлы позицияны өзгерту туралы ол тапсырма берді – мен орындадым", – деді Жұмағұлов.

Осы жекпе-жектен кейін Жалғастың есебінде төртінші жеңіліс тіркелді (13 жеңіс).

Айта кетейік, Жұмағұлов UFC-дегі дебютін 2019 жылдың қараша айында ресейлік Али Багаутиновты жеңген Fights Nights Global чемпионы ретінде бастады.

Оқи отырыңыз: Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты

Тақырып бойынша

"Майк Тайсон деп айқайлады": боксшы жекпе-жек кезінде қарсыласын тістеп алды
Головкин "Канеломен" қыркүйекте жекпе-жек өткізуден бас тартты
Нұр-Сұлтанда спортшы 4 жасар қызды соққыға жықты - видео
Аралас жекпе-жек шебері өзін-өзі нокаутқа түсірді (ВИДЕО)
Жалғас Жұмағұлов ресейлікті жеңіп, чемпиондық титулын қорғап қалды – видео  
Кілт сөздер:
спортшы, жекпе-жек, аралас жекпе-жек
Загрузка...

Басты тақырып