07:16 22 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD421.58
  • EUR496.83
  • RUB5.53
Спорт
Қысқа сілтеме алу
199 0 0

Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосы тілшілері КСРО тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі мен тарихын ақтарып, 1980 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын зерттеді

АЛМАТЫ, 20 шілде – Sputnik. Мәскеу Олимпиадасына билік қанша қаражат жұмсады? Кеңес жеңімпаздары сыйақысын қайда жаратты? Қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілді? Діни атлеттер атеистік КСРО-да дұға ете алды ма?

Осы сауалдың барлығына Sputnik ақпарат агенттігі Олимпиада ойындарының 40 жылдығына арнап дайындаған "Мәскеу-80: Ретро-tube" арнайы жобасынан білуге болады.

Бұл мультимедиялық жоба – бұрынғы Кеңес Одағы кеңсесіндегі Sputnik-тің 13 редакциясы және Мәскеу кеңсесі жұмысының нәтижесі. Бұл жоба спорттағы нәтижелер жайлы емес, олимпиада өткен Мәскеу мен елдегі атмосфера жайлы болады.

Оқи отырыңыз: Назарбаев 1980 жылғы Олимпиа чемпионымен қол күрестірді

"Россия сегодня" ХАА бас редакторының орынбасары Андрей Благодыренко жобаның іске қосылуына байланысты пікір білдірді.

"Бұл жоба үлкен ел өмір сүрген сол дәуір, адамдар, атмосфера туралы болады, сондай-ақ, бұрынғы одақтас республикалардың онжылдықтағы басты оқиғаның біріне қалай дайындалғаны туралы айтылады. Жоба арқылы бәзбіреуге олимпиаданың қалай өткенін еске саламыз, енді біреуге 1980 жылы адамдардың қалай өмір сүргенін көрсетеміз. Жобада барлық мүмкін деген форматты қолданамыз: Олимпиада куәгерлері мен қатысушыларының, спортшылар, шенеуніктердің әңгімелері, бірегей архивтегі фото мен кинодеректер, оның ішінде кейіпкерлердің жеке мұрағаты да қолданылады. Сонымен қатар жобаның басты ерекшелігі - "Мәскеу-80:Ретро-tube" сериалы, әр серияны танымал жүргізуші және блогерлер жүргізеді", - деді Андрей Благодыренко.

Мәскеу-80: Ретро-tube" – көп форматты жоба. Оның негізі – мини-сериал. Әр серияны Тина Канделаки, Дмитрий Пучков (Гоблин), Дмитрий Губерниев, саяхатшы-блогер Михаил Ронкаинен секілді танымал блогерлер мен медиатұлғалар жүргізеді.

Олар Олимпиада КСРО-дағы сәнге қалай әсер еткенін, дүкен сөрелерінде қандай ғажайып өнімдер пайда болғанын, басқа олимпиадалармен салыстырғанда Мәскеудегі ойындар қанша тұрды және арнайы қызметтер оқыс оқиғалардың қалай алдын алғанын айтып береді.

Видеоролик, мәтін, сұхбат, инфографика Sputnik-тің 13 сайтындағы жобаның арнайы парақшасында, орыс тілінде шығатын Sputnik-тің YouTube парақшасында, Sputnik телеграм-арналарында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда жарияланады.

Материалдарды дайындау барысында Sputnik тілшілері осы кезеңде КСРО тарихын күтпеген, бейресми жақтан көруге мүмкіндік беретін олимпиадаға қатысты мәліметтерді іздеді. Жоба авторларының айтуынша, көптеген қызықты мәлімет табылды. Оның ішінде Минскіде Олимпиада алауын ұрлау әрекетіне милицияның тосқауыл болып қалғаны, КХДР делегациясы команда мүшелерінің біріне халықтық сот құрғаны жайлы оқиғалар кездеседі.

Жобаның бір бөлігі Кеңес республикаларының 80-ші жылы өткен олимпиадаға дайындыққа және оны өткізуге қатысуына арналған. Әңгіме тек ойындарда медаль жеңіп алған КСР спортшылары туралы ғана емес, сондай-ақ бүкіл КСРО бойынша орналасқан жаттығу базалары туралы болып отыр. Республикалардан Мәскеуге және Олимпиаданы өткізетін басқа қалаларға: Минск, Ленинград және Таллинге құрылыс материалдары мен азық-түлік жіберілді. Бүкіл елден астанаға милиционерлер, аудармашылар, үздік даяшылар мен аспаздар, музыкалық ұжымдар жіберілді. Әр Sputnik сайтында жоба өзінше ерекше мазмұнда жарияланатын болады.

Sputnik – ірі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі, ол 33 тілдегі мультимедиялық интернет-сайттарды, әлемнің 90-нан астам қаласында және интернетте орыс, ағылшын, француз және басқа тілдердегі баламалы және цифрлық радиохабарды біріктіреді. Sputnik-тің жаңалықтар таспасы тәулік бойы әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілінде ақпарат жеткізеді.

Sputnik ақпарат ресурстарының аудиториясы айына 80 миллионнан астам адамды құрайды, Sputnik әлеуметтік желілеріндегі жазылушылардың жалпы саны 20 миллионнан асады. Бүкіл әлем бойынша 24 редакциялық орталықта ондаған ұлттың мыңнан аса өкілі жұмыс істейді.

Загрузка...

Басты тақырып