16:07 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Спорт
Қысқа сілтеме алу
306 0 0

Олимпиада финалында баскетболдан әйелдер құрамасы Болгарияны 104:73 есебімен ойсырата жеңді 

30.07.1980. Тура 40 жыл бұрын қазақстандық баскетболшы Надежда Ольхова КСРО құрамасы сапында 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының алтын медалін жеңіп алған болатын.

Олимпиаданың топтық кезеңінде баскетболшы қыздар барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Олардың ішінде Югославия, Венгрия мен Италия бар. Ал финалда Болгария командасын ойсырата жеңді.

Надежда Ольхованың өзі жоғары көрсеткішпен көзге түспесе де, сәтті өнер көрсетіп, біраз ұпайды жинауға ықпал етті.

Ольхованың екі дүркін Олимпиада чемпионы екенін айта кеткен жөн. 1976 жылы Монреаль Олимпиадасында әйелдер арасындағы баскетбол алғаш рет жарыс бағдарламасына қосылған болатын. Сол жылғы турнирге КСРО, АҚШ, Болгария, Чехословакия, Жапония мен Канада қатысты.

Кеңес одағының әйелдер құрамасы бес матчта жеңімпаз атанды. Надежда Ольхова да нәтижелі ойынмен көзге түсті. Сол кезде ол құрама қоржынына 56 ұпай салды. Ал АҚШ құрамасына қарсы ойында Олимпиада чемпионы алдын ала анықталды. КСРО-ның баскетболшы қыздары өз қарсыласын 112:77 есебімен ұтты. Ольхова 16 ұпай әкелді.

Оқи отырыңыз: "Серікке жанкүйер болдық": Олимпиада-80 куәгері ойынның қалай өткенін айтып берді

Надежда Ольхова КСРО-ның құрамында барлық турнирлерге қатысты. Оны қосалқы ойыншылардың орнында қалдырған жоқ, әрбір кездесуге шығарып отырды. Осылайша, Ольхова баскетбол құрамасының үздік қорғаушысы ретінде тарихта қалды. Спортшы 16 жастан бастап мансабын аяқтағанға дейін Алматыдағы "Университет" командасының намысын қорғады.

Тақырып бойынша

"Сәттілік серік болды": спорт ардагері жеті бірдей Олимпиадаға қалай барғанын айтты
Олимпиада-80: қазақстандық балуан Анатолий Быков қалай күміс жеңіп алды
"Оңай емес": танымал қазақстандық спортшылар Олимпиадаға қатысты пікір білдірді 
Олимпиада-80: қазақстандық қалай VIP-қонақтардың аудармашысы болғанын айтып берді
Олимпиада-80: қазақстандық телевизия маманы шараға қалай үлес қосқанын айтты
Кілт сөздер:
спорт, спортшы, Олимпиада ойындары
Загрузка...

Басты тақырып