Спорт

Олимпиадаға дейін менің жетістігім әлем рекордынан жоғары болды – Лесовая

© Sputnik / Тимур БатыршинБронзовый призер Олимпиады 1980 года по метанию диска среди женщин Татьяна Лесовая
Бронзовый призер Олимпиады 1980 года по метанию диска среди женщин Татьяна Лесовая  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеңестік дискобол Татьяна Лесовая Қонаевпен кездесуі, спортшы қызы және 1980 жылы Мәскеудегі Олимпиада ойындарына іріктеу туралы айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. 1980 жылы Олимпиадада әйелдер арасындағы диск серпуден қола жүлдегер Татьяна Лесовая Sputnik Қазақстан тілшісіне берген эксклюзивті сұхбат барысында Қырғызстанда өткен балалық шағы мен қола жүлдені жеңіп алған кездегі сезімі жайлы әңгімелеп берді.

- Әңгімені серпу спортына баруыңыздан бастасақ

- Фрунзе (қазіргі Бішкек) училищеде оқып жүрген кезде ұзақ қашықтыққа жүгіретінмін. Жаттықтырушы менің шымыр екенімді, алайда, спортшы ретінде төзімділігім төмендеу екенін байқады. Ол маған ядро бере бастады. Кейіннен, бір жарыста мені диск серпу бойынша жаттықтырушы Любимов байқап қалып, өзіне шақырды. 15-16 жасымда мен диск серпумен айналыса бастадым. Сегіз жылдан соң Олимпиадаға бардым. Барлығы жылдам болды.

- Ата-анаңыз спортқа жақын ба?

- Жоқ, олар ауыл адамдары. Мен училищеге түскен кезде, сол жақта спорт секциялары болатын. Мен таулы аймақта өскенмін. Жаз кезінде алыстағы тауға раушан теруге баратынбыз, қыста тауда шаңғы тептік, балалармен хоккей ойнайтынбыз. 

- Олимпиадаға бару үшін бәсекелестік жоғары. Осы жайлы айтып беріңізші.

- Әрине, 15 республиканың ішінде іріктеу жүрді. Знаменскте жарыс өтіп, мен онда жеңіске жеттім. Келесі турнирде үздік үштіктің бірі болу керек еді – мен екінші болдым. Бірінші орынды Литвадан келген Галина Мурашова жеңіп алды. Осылайша Олимпиадаға жолдама алдық. Қалғаны кейіннен қосылды.Тіпті, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Фаина Мельник соңғы кезеңде ғана іріктеуден өте алды.

- Олимпиададағы өз нәтижеңізге көңіліңіз толады ма?

- Олимпиадаға екі апта қалған кездегі қорытынды серпу кезінде мен 71,50 метр көрсеткішіне қол жеткіздім. Ол кезде бұл әлемдік рекордтан жоғары болатын. Сондықтан, жарыс кезінде бұдан да жоғары нәтиже көрсетуім керек еді. Алайда, бұған менің бапкерімнің әсері болды. Ол кезде менің жолдасым бапкерім болатын. Оған олимпиада ауылына аккредитация бермей қойды. Жалпы, ол кезде олимпиада ауылына жолдама көп адамға беріле қоймайтын.

Жарыс күні мен қолдау сөздерін қатты күттім. Алайда, менің күйеуімді қос милиция қолтығынан жетектеп алып келді. Ол мас болатын. Сондықтан, жарысқа деп жинаған эмоциямның барлығы күйеуіме деген агрессияға айналды. Құраманың екі жетекшісі мені сабырға шақырды. Сондықтан, мен жарысқа нашар көңіл-күймен бардым, реніш бар еді. Серпудің төртінші кезегінде ғана ес жиғандай болдым. Бұл жарыс нәтижесіне қатты ықпал етті деп ойлаймын. Себебі, жаттықтырушы мен спортшы жіпсіз байлаулы болады. Әрдайым қанаттандыратын сөз күтесің.

- Олимпиададан кейін жолдасыңыз жаттықтырушы қызметін атқара берді ме?

- Жоқ, ол екеуміз ажырасып кеттік те, ол менің жаттықтырушым болған жоқ. Мен жарыстарда нашар нәтиже көрсете бастадым. Себебі, Қазақстанда мықты бапкерлер жоқтың қасы болатын. Киевтегі Бондарчукке (Анатолий Павлович Бондарчук – жеңіл атлетика бойынша кеңестік жаттықтырушы - Sputnik) шақырулар болды. Бірақ, ата-анам мен балам Алматыда болды, өзгеріске құлшыныс болмады. Мен осы климат пен осы елге бауыр басып қалған болатынмын. Мұнда жаттықтырушым көпсайысшы болды. Бірақ, ол мүлде басқа сала болатын. Сондықтан, жарыстағы нәтиже төмендей бастады.

- Олимпиада ойындарының қола жүлдегері екеніңізді білгенде қандай сезімде болдыңыз?

- Соңғы минутқа дейін өзімнің жеңімпаздар қатарында екенімді білген жоқпын. Бапкерім маған үнемі кімнің қалай серпігеніне қарамауға кеңес беретін. Диск серписің, орындыққа отырасың, өз кезегіңді күтесің. Төртінші рет серпігеннен кейін мен жүлделі орын алатыныма сенімді болдым. Себебі, болгариялық Петковадан небәрі 50 сантиметрге қалып тұрғанмын.

© Photo : из личного архива Татьяны Лесовой"Мен расымен үшінші болдым ба?"
Олимпиадаға дейін менің жетістігім әлем рекордынан жоғары болды – Лесовая - Sputnik Қазақстан
"Мен расымен үшінші болдым ба?"

Үшінші орынды иеленгенімді естігенде, есімді жия алмадым. Маған бастысы финалға өту екенін айтып жатты. Себебі, бұл менің алғашқы халықаралық жарысым болатын. Оның үстіне, бәсекелестерімнің барлығы әлем чемпиондары, олимпиада жүлдегерлері еді. Ал мен ешкім емес едім. Мүмкін, осы ой ғана маған көмектескен шығар (жымиды).

Жарыстан кейін көп нәрсе болды: баспасөз мәслихаты, қосымша тексеру және тағысын тағылар. Стадионнан шыққанда "Мен расымен үшінші болдым ба?"  дегені әлі шок күйінде едім. Ең бірінші болып басшылық құттықтады.

- Ата-анаңыз қуанды ма?

- Мен Қазақстанда туғаныммен, Фрунзе өстім. Біздің Тименцо атты аулымызда ата-анамның үйіндегі алма ағашында шағын транзистор ілініп тұратын. Бірақ, олар менің жарысқа шыққан сәтімді өткізіп алыпты. Көрші келіп, "сіздердің Танькаларыңыз үшінші болды" деп айтып келіпті.

Алматыдағы барлық кездесулер мен қабылдаулардан кейін біз ауылға жол тарттық. Ыңғайсыз болды. Анам нан мен тұзын көтеріп алдымнан шықты, бұкіл ауыл тұрғындары жиналыпты. Анама "Барлығын тым ресми әрі салтанатты етіп жіберіпсіздер" дедім.

Әрине, ата-анама алғысым шексіз. Үш айлық ұлымды ата-анама қалдырып, өзім жарысқа дайындыққа кетіп қалдым. Кейінірек олар барлығы Алматыға көшіп келді. Мен 1974 жылы ауылдан бірден Мәскеуге, Олимпиада орталығына аттанғанмын. Мұның өзі де ата-анамның арқасында.

- Олимпиадада ең есте қалған қандай сәт?

- Біз Новогорсктегі базада дайындалып, жарысқа бірнеше күн қалғанда ғана олимпиада ауылына келдік. Қолдау көрсететін телеграммалар көп болды. Бұл үлкен күш-жігер сыйлады. Біздің кезіміздегі спорт патриоттыққа негізделген еді. Біз жарыстағы жеңісіміз үшін сыйақы, марапат аламыз деп те ойлаған емеспіз. Егер, КСРО құрамасына іліксең, онда өз намысыңды ғана емес, өзің келген республиканың намысын қорғайсың. Егер, нашар нәтиже көрсетсем, үйдегілердің бетіне қалай қараймын деп ойлайсың. Олимпиада ауылында аю мен магнитофон сатып алдым. Ол кезде бұл сирек кездесетін. Таспаға "Ертең мен үшін маңызды жарыс болады. Мен қолымнан келгеннің барлығын жасауым керек. Әйтпесе, үйге оралмаймын" дегенді жазып алдым.

Автобусқа отырғанда жарысқа бара жатқан жолда осы жазбаны бірнеше рет тыңдадым. Өкінішке қарай бұл таспа жоғалып кетті.

- Олимпиададан кейін сіздерді Алматыда Дінмұхамед Қонаев күтіп алды. Сол қабылдаудан не есте қалды?

- Қобалжу болды, ол кісімен ешқашан кездескен емеспін. Алдымен Қонаевтың қабылдауында салтанатты шара өтті де, кейін, мерекелік түскі ас болды. Ол кісі маған өте сабырлы әрі ақылды адам ретінде көрінді.

Әлі есімде, Шәміл Серіков "Біз басқа қалаларға бармас үшін Қазақстанда өз базамызды салсақ болмайды ма? " деп сұрады. Сол жылдары көтерілген мәселе әлі де өз шешімін тапқан жоқ.

- Қонаев не деп жауап берді?

- Саламыз деді. Бірақ, сәті түспеген сияқты. Түркияға барсақ, онда кешенді базалар бар: медицина орталығы да, залы да, алаңы да бар. Бізде де осындай нысан болса дейміз.

- Олимпиададан кейін сіз алты жыл бойы спортта жүрдіңіз. Үлкен жетістіктен кейін жаттығуға деген ынтаңызды қайдан таптыңыз?

- Шындығында, мен үшін ештеңе өзгере қойған жоқ. Менің ол кезде жарақатым болдыМенің нәтижем 67 метр болды. Егер, халықаралық санаттағы спорт шебері деңгейіне жетпей 63 немесе 64 метрге серпитін болсаң, бізді құрамадан шығарып жіберетін. Жыл сайын өзіңнің үздік нәтижеңді қайталап тұруың қажет.

1983 жылы мені құрамадан шығарып жіберді, стипендияны алып тастады. Мен өз бетімше жаттығып, дайындала бастадым.

1985 жылы мен КСРО чемпионатын жеңіп алдым да, Грекиядағы әлем чемпионатына құрамамен баруым керек болатын. Құрамамен бірге Подольсктегі жиынға бардым. Бірақ, ұшуға бірнеше күн алғанда менің визамның дайын емес екенін хабарлады. Барлығы чемпионатқа кетті де, мен қалып қойдым. Мұндай әділетсіздіктен кейін еңсем түсіп кетті. Менің орныма басқа адамды алғаны анық.

- Құраманың айналасында мұндай қитұрқылық көп пе еді?

- Біршама. Жарыс кезінде өзіңнің үздік екеніңді дәлелдейсің, бірақ, шетте қалып қоясың. Мысалы, мен жиындарға біресе жеке жаттықтырушыммен, біресе жалғыз барып жүрдім. Оны шақырмайтын. Әрине, жиын кезінде еңбегі сіңген бапкерлермен жұмыс жасадым. Бірақ, өзіңнің жеке бапкерің болса, сонымен жұмыс жасау керек.

-Сол себепті 1986 жылы спорттан кеттіңіз бе?

- Иә, жеке жаттықтырушым болмады. Ал, менің бір орында тұра бергім келмеді. Жастармен жағаласқым келмеді. Уақытында кеткен дұрыс деп шештім. Бірақ, көпке дейін бұл шешіміме көне алмай жүрдім. Диск серпіп жатқан, бір жаққа асығып бара жатқан түстер көріп жүрдім.

- Олимпиадаға бірге барған спортшылардың ішінде бүгінге дейін кіммен араласып тұрасыз?

- Литвадағы Галина Мурашева, Надежда Ольховамен хат алмасып тұрамыз. Бұрындары Алматыда Қонақбаев, Үшкемпіров, Ольхова және Толя Быков – барлығымыз жақын тұратынбыз. 

- Спорттан кеткен соң қандай іспен айналыстыңыз?

- Еңбек резервтері орталығында оқу меңгерушісі болып жұмыс жасадым. Кейін Мәскеудегі жоғарғы бапкерлер мектебіне екі жылға барып келдім. 1990 жылдан бері жаттықтырушы қызметіндемін. Жаттықтыру маған ұнайды. Кейде бір ересек адамды көріп қалсаң, ол саған: "Есіңізде ме, сіз мені жаттықтырып едіңіз ғой? " деп тұрады. Мұндай сәтте сол адамның жолы болған болса, менің де бір үлесім бар шығар деп, іштей қуанып қаламын.

- Сіздің қызыңыз Мария Телушкина Риодағы Олимпиадада сәтсіз өнер көрсеткен соң, "Анама хабарласуға қорқамын" деген еді. Сіз қатал бапкерсіз бе?

- Өзім алаңға шыққанда, қатты уайымдайтынмын. Ал, қазір, менің шәкірттерім өнер көрсетсе, барлық эмоция мен уайымды өзімнен өткіземін. Жаттығу кезінде көмектесетін дәрігер, психолог қажет. Ал, біз өзіміз үшін өзіміз дәрігерміз.

© Photo : из личного архива Татьяны ЛесовойТатьяна Лесовая
Олимпиадаға дейін менің жетістігім әлем рекордынан жоғары болды – Лесовая - Sputnik Қазақстан
Татьяна Лесовая

Маша барлық кезде Орталық Азия біріншіліктерінде жеңіске жетіп жүрді де, ірі жарыстарда жақсы нәтиже көрсете алмады. Жиі жарыстыру керек еді. Менің заманымда жаттығуларда секторда 15-20 адам тұратын. Жаттығудың өзі жарыс секілді еді. Ал қазір жалғыздан жалғыз жаттығады. Диана – балға, Маша – диск серпиді. Сондықтан, олар толыққанды бәсекелестік жоқтығынан жарыс сәтінен алшақтау. Бәсекелестік болса, Машаның Риодағы нәтижесі басқаша болар еді.

- Қазір Қазақстандағы диск серпу қандай жағдайда?

- Ешқандай. Себебі, серпуге келетіндер өте аз. Оның үстіне, бізде жағдай жасалмаған. Қызым Риодағы Олимпиадаға қатысты. Бір ай бұрын жаттықтырушысыз жиынға алып кетті. Ол әлі дым көрмеген жас қыз. Секторға қалай кіріп, қалай шыққаным есімде жоқ дейді. Психологиялық тұрғыдан дайын болған жоқ. Серпу бойынша жақсы мамандар аз.

Мүмкіндік болса, жиындарға алып кетеді. Екі ай жаттығулардағы жиында жүрсе, төрт ай бос жатады. Мұндайда үлкен нәтиже көрсету екіталай. Біздегі спорт штангімен байланысты. Ал, қыздар іріленіп кетуден қорқады, модель болуға құмар.

- 2017 жылы сізге жаттығу жүргізу үшін манежге жіберуге кедергі жасады. Бұл оқиға немен аяқталды?

- Стадионға келсем, "Лесоваяны жібермеңдер" деген жазба қойыпты. Мен 40 жыл бойы осы манежге келіп жүрмін. Оны маған сыйласа да жарасар еді. Үлкен қалада біздер, серпушілер үшін жаттығатын бір бұрыш берсе болмайды ма? Басқа елде бар жағдай жасалған. Ал, бізде манеждегі шағын ғана бұрышты алу қиындық тудырады.

© Sputnik / Тимур БатыршинЛесовая: серпу үшін жағдай жасалмағандықтан, серпушілер де жоқ
Олимпиадаға дейін менің жетістігім әлем рекордынан жоғары болды – Лесовая - Sputnik Қазақстан
Лесовая: серпу үшін жағдай жасалмағандықтан, серпушілер де жоқ

Менің тобымда барлық мектептер мен академиялардан жиналған балалар бар. Осы манеждың жалға алу ақысын төлеу проблема тудырады. Баяғыда тегін жаттығатын едік. Қазір де көп сұрап отырған жоқпыз: бір қалаға бір залды берсінші. Өзіміздікі болсын. Серпу үшін жағдай жасалмағандықтан, серпушілер де жоқ.

- Жеңіл атлектика федерациясына хабарласып көрдіңіз бе?

- Федерация бізді естімейді. Олар Шығыс Қазақстанмен айналысып жатыр. Өскеменде бәрі жайнағанын қалайды. Алматы ше? Баяғыда барлық спорт мектептері осында болатын. Нұр-Сұлтанда манеж салғанымен, ол жақта жаттықтырушы жоқ. Алматыда неге жағдай жасамайтынын түсінбеймін. Бізге нәтиже көрсетпейсіңдер дейді. Нәтиже болуы үшін жаттығатындай жақсы жағдай жасасын. "Алматы аренада" жаттығыңдар дейді. Ол жақта ми дала, жел және ыстық. Жанында зал жоқ. Оның үстіне, біздің балалар спорт мектебі ол алаң үшін ақы төлей алмайды. Жақында барып қайттым. Шөбі белуардан келеді. Кейін шөпті орыпты. Енді жаттықсақ болады ма десем, ақысын төлеңіздер дейді. Қаладағы жалғыз серпуші біз болсақ, бізден басқа кім ол алағда жаттықпақ?

- Арманыңыз қандай?

- Серпушілерге арналған бұрышты армандаймын. Дарынды балалар көп, бірақ, жаттығатын орын жоқ. Жеңіл атлетикада кездейсоқ адамдар емес, нағыз мамандар жүрсе деймін. Көзбояушылық үшін емес, спорт игілігі үшін жұмыс жасаса екен.

- Спорт үшін мемлекеттік қолдау қажет пе әлде оны жекеменшікке беру керек пе?

- Білмеймін. Демеушілер болса, бірдеме жасалатын шығар. Себебі, біздің манежге 70 жыл болған. Барлығы сол баяғы қалпында. Егер, мемлекет спорттан басқа салаларға ақша бөлуі керек болса әрі жанашыр жеке меншік иелері табылса, расымен де, спортты демеушілерге тапсырған дұрыс сияқты. Бірақ, осынша жыл ішінде серпушілерге қолдау көрсететін бірде-бір демеуші келген жоқ. Бұл футбол емес. Сондықтан, бұл спорт үнемі көлеңкеде қалып қояды.

- Қазір Федерациямен байланысыңыз бар ма?

- Олар Нұр-Сұлтанда, біз Алматыдамыз. Олар тек жарысқа ғана келеді. Тығыз байланыс жоқ. Олар осында келгенде біз оларға жарысты ұйымдастыру мен өткізуге көмектесеміз.

- Серпуден басқа қандай спорт түрін жақсы көресіз?

- Олимпиада ойындарында хоккей, волейбол, баскетбол тамашалаймын. Ауыр атлеттерді көремін, біздің жігіттер ғой.

- Жас спортшыларға қандай кеңес берер едіңіз?

- Спортқа жұмыс ретінде емес, өз өмірі ретінде қараса деймін. Спортпен өмір сүру крек. Нәтиже сонда ғана болады. Балалар көп қимылдауы керек. Гаджет пен телефонның бәрі уақытша.  Жаттығулар, жиындар, жанкүйерлер, жарыстар – барлығы өмір бойы сенімен бірге. Спорттағы өз орныңды іздеу керек.

- Әңгімеңіз үшін сізге көп рахмет!

Жаңалықтар
0