НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық файтер Дәурен Ермеков (14-4) ресейлік Владимир Минеевпен (13-1-1) кездесу өткізді. Жекпе-жек Абдулманап Нурмагомедовты еске алу турнирі аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sports.kz.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Спортшылар орта салмақтағы Fight Nights Global чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізген болатын. Минеев үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Ол Fight Nights Global-дың жаңа чемпионы атанды. Ресейлік спортшы үшін бұл кәсіби карьерасындағы он төртінші жеңіс. Ал Дәурен Ермеков ММА-де бесінші рет жеңіліп отыр.