11:54 25 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.19
  • EUR496.26
  • RUB5.53
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
310 0 0

Бұл – Григориан күтізбесі бойынша 214-ші күн. Жылдың соңына дейін 149 күн бар

4 тамызда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен белгілі екенін Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

4 тамызда қандай қызықты оқиға болды  

4 тамызда Шампанның туған күні тойланады. Көптеген ғасыр бұрын француз монахы Пьер Периньон бос уақытын шарапты зерттеуге және оның жаңа түрлерін жасауға арнады. 1668 жылы тамыз айында ол көпіршіктері бар жаңа алтын түстес шарапты көпшіліктің назарына ұсынды. Ол сонымен қатар бөтелкені тығынмен жабу идеясын ойлап тапты, кейіннен оны бүкіл әлемдегі шарап өндірушілер қолдана бастады. Рас, шампан жасау технологиясының сипаттамасы кейінірек пайда болды, ал хош иісті шарап 19 ғасырдың 20-жылдарында шығарыла бастады.

АҚШ-та бүгін Жағалау күзеті күні аталып өтеді. Бұл мереке жағалау күзеті қызметкерлеріне арналған, олардың міндетіне кез келген теңіз аймағындағы азаматтар мен мүдделерді, оның ішінде ішкі суларды, АҚШ-тың жағалауларын, сондай-ақ елдің өкілдіктері орналасқан халықаралық суларды қорғау жатады. Жағалау күзеті Америка Қарулы Күштерінің құрамына кіреді, олардың ең кішкентай бөлігі болып саналады. Ол федералды үкіметке бағынады. Жағалау күзеті күнінде бұл қызметтің ел халқының өміріндегі маңыздылығын атап өтуге үнейтін түрлі қоғамдық және ойын-сауық шаралары өтеді. Атап айтқанда, АҚШ-тың жағалау күзеті күніндегі ең әйгілі шаралардың бірі – әскери-теңіз күштері фестивалі, ол ауқымды және жоғары деңгейде өтеді. Ел тұрғындары мен қонақтары бұл фестивальді ұзақ уақыт қуанышпен еске алады.

Кук аралдарында бүгін Конституция күні аталып өтеді. Бұл мереке 1965 жылы өзін-өзі басқаратын мемлекеттік орган мәртебесіне ие болу мерейтойына орайластырылған. Кук аралдарында Конституция күні кеңінен тойланады. Бұл мереке Конституция күні ретінде белгілі болғанымен, 2001 жылдан бастап ол Te Maeva Nui деп аталды, ол жергілікті халықтың тілінен аударғанда "ауқымды мереке"дегенді білдіреді. Шынында да, Конституция күні – Кук аралдарындағы жыл бойындағы ең үлкен оқиға. Мереке күні ғана емес, одан бірнеше күн бұрын және одан кейін де аралдар аумағында көптеген қызықты шара өткізіледі. Мысалы, Конституция күніне орай, Кук аралдарында музыка мен бидің үлкен фестивалі өтеді, оған қатысушылар бірнеше санат бойынша сайысқа түседі. Фестиваль тақырыбы жыл сайын таңдалады.  

4 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1693 жылы француз монахы Дом Периньон шампан әзірлеудің құпиясын ашты;

1912 жылы Ла-Манш арқылы алғашқы жолаушылар рейсі жасалды (тек екі жолаушы болды);

1777 жылы Лондонда әлемдегі ең алғашқы цирк ашылды;

1951 жылы Ленинградтағы Финлянд вокзалынан алғашқы электр пойыз сапарға шықты;

1914 жылы Ұлыбритания Германияға соғыс жариялады.

4 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1974 жылы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің "Қан мен тер" трилогиясы КСРО-ның мемлекеттік сыйлығына ие болды;

2003 жылы Қазақстан астанасындағы Республикалық клиникалық ауруханада әлемде алғаш рет жұлынның жүйке жасушаларын трансплантациялау операциясы жасалды;

2010 жылы Алматыда қазақстандық режиссер Талғат Теменовтің "Менің күнәһар періштем" жаңа романтикалық фильмінің түсірілімі басталды. Фильм Францияда ән айтуды армандайтын жас талантты әнші Айша Аброеваның өмірін арқау еткен.

4 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1901 жылы көрнекті америкалық джаз музыканты, джаз тобының лидері, композитор Луи Армстронг дүниеге келді;

1955 жылы америкалық актер Билли Торнтон дүниеге келді;

1961 жылы АҚШ-тың  44-ші президенті Барак Обама дүниеге келді. 2009 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты. Президент болып сайланғанға дейін ол Иллинойс штатының федералды сенаторы болған. 2012 жылы екінші мерзімге қайта сайланды;

1970 жылы  рок-музыкант, "Агата Кристи" Ресей рок-тобының мүшесі Глеб Самойлов дүниеге келді;

1977 жылы Мәскеуде көрерменнің көзайымына айналған актриса Мария Куликова өмірге келген;

1986 жылы Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері, футболшы, жартылай қорғаушы Олег Иванов туған; 

1943 жылы "кашемир ханшайымы", бүкіл әлемге танымал итальян модельері Лаура Бьяджотти дүниеге келді.

4 тамызда Қазақстанда кім туды

1918 жылы жазушы, аудармашы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ислам Жарылғапов дүниеге келді;

1946 жылы Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ актрисасы, Н.Тілендиев атындағы халықаралық қоғамдық қордың президенті, ҚР еңбек сіңірген әртісі Дариға Тілендиева дүниеге келді; 

1949 жылы жазушы, филология ғылымының докторы, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Құныпия Алпысбаев өмірге келді. 

1946 жылы Қазақстанның тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі тауар өндірушілер одағының президенті Анатолий Попелюшко дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай циклі мен толған ай мерзімі. Адам бойындағы дарыны мен қабілеттерін ашуға тырысу керек. Ақыл-санасын пайдалану қажет. Жомарттық танытып, ақылы және тәжірибесімен бөліскен жөн. Ай Торпақ жұлдызына дәл келеді.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 тамыз
Қазақстандықтар тамызда неше күн демалатыны белгілі болды
Қазақстандықтар тамызда екі есе көп доллар сатып алған
Кілт сөздер:
мереке, 4 тамыз, танымал тұлғалар, тарихи оқиғалар, атаулы күндер
Загрузка...

Басты тақырып