Дерекқор

Қыршынынан қиылған бес қазақстандық спортшы

© Sputnik / Ксения ВоронинаДенис Тен
Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денис Теннің қазасын бүкіл ел зор күйзеліспен қабылдап, халық қайғыдан қан жұтты.Бұл оқиға құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, қазақ елінің маңдайына сыймай кеткен дарынды жандардың тағдырын еске салды. Қыршынынан қиылған спортшылар туралы Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

Боксшы Бекзат Саттарханов

Қаза тапқан күні: 31.12.2000

© PhotoБоксшы Бекзат Саттарханов
Боксшы Бекзат Саттарханов - Sputnik Қазақстан
Боксшы Бекзат Саттарханов

2000 жылы Бекзат Олимпиада чемпионы атанды. Бұл боксшының ең бір жарқын жеңісі болатын, өйткені оның салмақ дәрежесінде мықты қарсыластар көп еді. Саттархановтың атағы жер жарды, алайда танымал спорт жұлдызы қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешті. Боксшы небәрі 20 жасында жол апатынан қаза тапқан. Қайғылы оқиға Түркістан-Шымкент тас жолында болды. Бекзат айдап келе жатқан көлік бірнеше рет аударылып түскен. Салдарынан көптеген ауыр жарақат алған боксшы ажал құшты.

Баскетболшы Игорь Нанаев

Қаза тапқан күні: 10.10.2016

© PhotoБаскетболшы Игорь Нанаев
Баскетболшы Игорь Нанаев - Sputnik Қазақстан
Баскетболшы Игорь Нанаев

Қоғамды дүр сілкіндірген атышулы оқиғалардың бірі Петропавл қаласы "Барыс" баскетбол клубының ойыншысы 23 жастағы Игорь Нанаевтың кісі қолынан қаза табуы болды. Жігітті түнгі клуб маңында өлімші етіп сабап кеткен. Мас адамдармен кикілжіңнің арты төбелеске ұласып, баскетболшы аяусыз соққан жығылған еді. Игорь ауруханада көз жұмды. Кінәлілер табылып, 2017 жылдың сәуір айында сотталды.

Боксшы Ермек Серіков

Қаза тапқан күні: 11.09.2009

© PhotoБоксшы Ермек Серіков
Боксшы Ермек Серіков - Sputnik Қазақстан
Боксшы Ермек Серіков

Серіков те небәрі жиырма жасында қыршынынан қиылды. Боксшы өз дарынын әлі ашып үлгермесе де, Азия чемпионаттарында алтын жүлдеге ие болып жүрді. Спортшыны "қазақтың Тайсоны" деп атайтын.

Ермек жанармай бекетінде Владимир Шепин деген адаммен жанжал салдарынан қаза тапқан. Кикілжің кезінде боксшы Шепинді жұдырықпен қойып қалғанда, әлгі адам аңшы мылтығын алып шығып, спортшыға оқ атады. Көп қан жоғалтқан Серіков бір күн өткен соң ауруханада көз жұмған. Шепин 2012 жылы жеті жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда бір жылдан кейін жүрек дерті салдарынан түрмеде қайтыс болды.

Велосипедші Андрей Кивилев

Қаза тапқан күні: 12.03.2003

Андрей Кивилевтің өлімі бүкіл шоссе велоспортына әсерін тигізді. Себебі бұрын таулы жерлерде күш-қуатын үнемдеу үшін велошабандоздарға киімі мен шлемін шешуге рұқсат беретін. Сондай жарыстардың бірінде Андрей екінші ведосипедшімен соқтығысып, асфальтқа баспен құлап, салдарынан ауыр жарақат алып, комаға түскен. Ол 29 жасында Сент-Этьен қаласындағы ауруханада жан тапсырды.

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен

Қаза тапқан күні: 19.07.2018

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуДенис Тен
Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Денис Тен

Мәнерлеп сырғанаудан еңбек сіңірген спорт шебері. Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Алматы қаласы орталығында Денис Тен көлігінің айнасын ұрлап жатқан екі қылмыскердің үстінен түседі. Төбелес кезінде Денис оң жамбасынан ауыр пышақ жарақатын алып, күре тамырына зақым келгендіктен, көп қан жоғалтқан. Денис Тен ауыр хәлде қалалық ауруханаға жеткізіліп, ек сағаттан соң көз жұмды. Спортшының жасы 25-те еді. Мәнерлеп сырғанаушыны өлтірді деген күдікпен үш Қазақстан азаматы ұсталған, олардың екеуі кінәсін мойындады.

Жаңалықтар
0