Дерекқор

Димаш Құдайбергенов туралы не білеміз?

Жазылу
Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің өмірбаянын Sputnik дерекқорынан оқыңыз

Дінмұхаммед Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбеде танымал әншілер Қанат пен Светлана Айтбаевтардың отбасында дүниеге келген. Қазақ ұлттық өнер университетін "Эстрада вокалы" мамандығы бойынша бітірді.

© Sputnik / Медиабанкке өтуДимаш Құдайберген XXVII халықаралық "Славян базарының" ашылу салтанатында өнер көрсетуде
Димаш Құдайберген XXVII халықаралық Славян базарының ашылу салтанатында өнер көрсетуде - Sputnik Қазақстан
1/8
Димаш Құдайберген XXVII халықаралық "Славян базарының" ашылу салтанатында өнер көрсетуде
© Sputnik / Асем МиржекееваДимаштың фанаттарымен кездесуі
Димаштың фанаттарымен кездесуі - Sputnik Қазақстан
2/8
Димаштың фанаттарымен кездесуі
© Sputnik / Асем МиржекееваДимаштың фанаттарымен кездесуі
Димаштың фанаттарымен кездесуі - Sputnik Қазақстан
3/8
Димаштың фанаттарымен кездесуі
© Sputnik / Асем МиржекееваДимаштың фанаттарымен кездесуі
Димаштың фанаттарымен кездесуі - Sputnik Қазақстан
4/8
Димаштың фанаттарымен кездесуі
© Sputnik / Асем МиржекееваДимаштың фанаттарымен кездесуі
Димаштың фанаттарымен кездесуі - Sputnik Қазақстан
5/8
Димаштың фанаттарымен кездесуі
© Sputnik / Болат ШайхиновДимаш Құдайберген "Еуразия" кинофестивалінде
Димаш Құдайберген Еуразия кинофестивалінде - Sputnik Қазақстан
6/8
Димаш Құдайберген "Еуразия" кинофестивалінде
© Photo : Қанат Айтбаевтың Instagram парақшасынанДимаш Құдайберген 58 жастағы америкалық фанатымен кездесті
Димаш Құдайберген 58 жастағы америкалық фанатымен кездесті - Sputnik Қазақстан
7/8
Димаш Құдайберген 58 жастағы америкалық фанатымен кездесті
© YouTube / Официальный канал Патрика СебастьянаДимаш Құдайберген Францияда
Димаш Құдайберген Францияда - Sputnik Қазақстан
8/8
Димаш Құдайберген Францияда
1/8
Димаш Құдайберген XXVII халықаралық "Славян базарының" ашылу салтанатында өнер көрсетуде
2/8
Димаштың фанаттарымен кездесуі
3/8
Димаштың фанаттарымен кездесуі
4/8
Димаштың фанаттарымен кездесуі
5/8
Димаштың фанаттарымен кездесуі
6/8
Димаш Құдайберген "Еуразия" кинофестивалінде
7/8
Димаш Құдайберген 58 жастағы америкалық фанатымен кездесті
8/8
Димаш Құдайберген Францияда

Димаштың ата-әжесі де музыкаға жақын жандар.

Димаштың жеңісі 

Димаш бала кезден түрлі ән байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Алайда жас әншінің бағын Витебскте өткен "Славян базары-2015" халықаралық ән байқауы ашты. Отандасымыз конкурста бас жүлде иеленді.

Осыдан кейін жас орындаушы бір жылдай Қытайдың "Мен әншімін" жобасына қатысып, талантымен миллиардтар елін таңғалдырған еді. Сөйтіп 2017 жылы Димаш қытайлық жобада екінші орын алды.

Осы жеңісінен кейін Димаш Францияның танымал бағдарламасына құрметті қонақ ретінде шақырылды. Отандасымыз әлем жұлдыздарымен бір сахнада өнер көрсетіп, француздарды тәнті етті.

"Соңғы әңгімемізді ешқашан ұмытпаймын" Димаш Теннің отбасына көңіл айтты

Димаштың концерті

Димаш алғашқы әлемдік турнесі аясында Қытайдың бірнеше қаласын аралады. Ал 2017 жылдың жазында Астанада алғашқы үлкен концертін берді. Шығармашылық кешке қазақстандықтардан бөлек, Қытай, Италия, Ресей, Украина, АҚШ және Франциядан тыңдармандар келді. "Астана-Арена" спорт кешеніне бас-аяғы 30 мыңдай көрермен жиналған.

Сондай-ақ, Димаш MTV Music Awards жүлдесінің иегері, "Азияның ең танымал әншісі", "Халықаралық деңгейдегі ең танымал әнші", "Жылдың ең үздік әншісі" номинацияларының жеңімпазы. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде Димаштың мыңдаған тыңдарманы бар.

Димаш Ресейдің әйгілі әншісін қалай гүлсіз қалдырды?

Димаштың отбасы

2018 жылдың мамыр айында әнші Screaming әніне түсірілген алғашқы бейнебаянын таныстырды. Бұдан бөлек, Айман Мұсақожаева Қытай кинокомпаниясы Димаш Құдайберген туралы фильм түсіруді жоспарлап отырғанын хабарлады.

© Photo : Димаш Құдайбергеннің Instagram парақшасынанДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Димаш Құдайберген

Димаш атасы мен әжесінің тұңғыш немересі, кішкентай кезінен солардың қолында өскен. Димаштың Раушан есімді қарындасы мен Әбілмансұр есімді інісі бар.

Жаңалықтар
0