15:57 11 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD369.35
  • EUR421.47
  • RUB5.57
Мысық

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 тамыз

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (131)
181 0 0

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 220-шы күн. Жыл соңына дейін 145 күн бар

8 тамызда не болғанын білесіз бе? Бұл күн несімен ерекшеленетінін Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

8 тамызда әлемде қандай қызықты оқиға болды

2002 жылы 8 тамызда халықаралық деңгейде Дүниежүзілік мысықтар күні тойланады. Бұл күні иесі мысығын еркелетіп, сыйлық әперіп, тәтті-дәмдіні аузына тосады. Сонымен бірге, бұл мерекенің атап өтудегі тағы бір мақсат – үйсіз, қаңғыбас мысықтарға көңіл бөлу.

8 тамыз – тоңазытқыштың туған күні. Баршамыздың ас үйімізден табылатын тоңазытқышты 1899 жылы 8 тамызда америкалық өнертапқыш Альберт Маршалл ойлап тапқан. Ал заманауи нұсқасы 1910 жылы АҚШ-та пайда болды.

Тайваньда 8 тамызда Әкелер күні тойланады.

8 тамыздағы тарихи оқиғалар 

1876 – АҚШ-та 38-ші штат – Колорадо пайда болды;

1924 – Мәскеуде алғашқы қалаішілік тұрақты автобус желісі пайда болды;

1966 – Қытайда мәдени төңкеріс басталғаны жарияланды;

1968 – Киевте Мәдениет институты ашылды.

8 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1998 – Көкшетауда Шоқан Уәлиханов атындағы ескерткіш ашылды.

8 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1953 жылы Ресейдің театр және кино актері Виктор Авилов дүниеге келді;

1967 жылы "Кухня" телехикаясында көпшіліктің көзайымына айналған Айнура кейіпкерін сомдаушы актриса Жаңыл Асанбекова Қырғызстанда дүниеге келді;

1981 жылы швейцариялық кәсіби теннисші – әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Роджер Федерер дүниеге келді;

1988 жылы ресейлік футболшы Игорь Смольников дүниеге келді.

8 тамызда Қазақстанда кім дүниеге келді

1930 жылы тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жағыпар Мусин дүниеге келді;

1948 жылы кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Дінмұхамед Әкімов дүниеге келді;

1961 жылы шахматшы, гроссмейстер әрі КСРО-ның спорт шебері Серікбай Темірбаев дүниеге келді;

1894 жылы Қазақстан, Орта Азия және Башқұртстан тарихының маманы Александр Чулошников дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

2018 жылдың 8 тамызында Ай кішірейе түседі. Бұл күні жұмыста шұғыл, қауырт, аса маңызды істерді орындамаған жөн. Атқарылған жұмысты, қолда бар жобаларды саралап, сараптама жүргізуге қолайлы кез. Үйде де жеңіл-желпі шаруаны тындырып, тазалықпен айналысуға, киім-кешекті реттеуге, қажетсіз заттарды лақтыруға болады. Ай Егіздер жұлдызымен сәйкес келеді.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (131)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 тамыз
Кілт сөздер:
атаулы күндер, тоңазытқыш, 8 тамыз, күнтізбе, танымал тұлғалар, тарихи оқиғалар, есімдер, қызықты деректер, мысықтар
Загрузка...

Басты тақырыптар