Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 тамыз

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 9 тамыз
Күнтізбе - 9 тамыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 221-ші күн. Жыл соңына дейін 144 күн бар

9 тамызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

9 тамызда қандай айтулы оқиға болды   

Бүгін – Халықаралық әлемнің байырғы халықтары күні. Бұл мереке БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1994 жылы пайда болды. Мейрамның мақсаты – байырғы халықтар проблемасына назар аудару. Статистикаға сүйенсек, байырғы халқытардың жалпы саны – 370 миллион адам. Олар – әлемнің 90-нан астам елінде тұратын әртүрлі мәдениет өкілдері.

Оңтүстік Африка Республикасы тұрғындары мемлекеттік мереке – Ұлттық әйелдер күнін атап өтеді. Бұл мереке 1956 жылғы әйелдер шеруінің құрметіне пайда болды. 1956 жылы 9 тамызда жиырма мың әйел ОАР-дың қара нәсілді халқының көші-қонын шектейтін заңдарға наразылығын білдіру үшін Преториядағы парламент үйінің алдына жиналды. Қатысушы әйелдер премьер-министр Йоханнес Стрейдомның кабинеті алдында дискриминациялық заңға қарсы бір бума петиция қалдырды, оған жүз мыңнан астам адам қол қойған болатын. Содан кейін қыз-келіншектер парламент үйінің алдында жарты сағат үнсіз тұрды. Көптеген әйел шеруге балаларын ертіп келді. 1994 жылдан бері осы күн Оңтүстік Африкада жыл сайын Ұлттық әйелдер күні ретінде тойланып келеді.

Канадада бүгін Ұлттық бітімгерлер күні аталып өтеді. Еске алу күні ресми түрде 9 тамыз болғанымен, рәсімді әдетте осы күнге жақын жексенбіде өткізеді. Ұлттық бітімгерлер күні Канаданың әскери бітімгерлік күштерінің барлық ардагерін еске алады. Бұл күннің таңдалу себебі -  1974 жылы 9 тамызда Сирияның үш зымыраны тоғыз канадалық бітімгер мінген Buffalo 461 ұшағын атып құлатты. Оқиға салдарынан барлық тоғыз жолаушы мен экипаж мүшелері қаза тапқан еді. Осы қайғылы оқиғаны мәңгі есте сақтау үшін Калгаридегі Бітімгерлер саябағында мемориал ашылған, сондай-ақ Ұлттық бітімгерлер күні бекітілді. 2008 жылы бұл күн ресми мәртебеге ие болды.

9 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1173 жылы Италиядағы Пиза мұнарасының құрылысы басталды;

1639 жылы қазіргі Нью-Йорк қаласының жеріне алғаш рет еуропалықтар қоныстанды;

1803 жылы Роберт Фултон ойлап тапқан пароход алғаш рет таныстырылды;

1859 жылы АҚШ тұрғыны Натан Эймс эскалаторды патенттеді;

1910 жылы АҚШ-тың Чикаго қаласының тұрғыны Альва Джон Фишер электрлі кір жуғыш машинаны патенттеді;

1928 жылы Ленинград циркінің ғимаратында әлемдегі алғашқы цирк және эстрада музейі ашылды.

9 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1971 жылы Семейде "Еңлік-Кебек" кинотеатры ашылды;

1994 жылы Алматыда Ұлттық банктің мемлекеттік қоймасының іргетасы қаланды;

2000 жылы Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы достастық туралы меморандумға қол қойылды;

2010 жылы Алматыда алғаш рет жазғы көше кинотеатры ашылды;

2013 жылы Жамбыл облысында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" трансұлттық дәлізінің жаңа бөлігі ашылды. Меркі ауданында төрт жолақты 48 километрлік магистраль пайдалануға берілді;

2017 жылы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында елорданың Меценаттар клубы құрылды;

2017 жылы Ақмола облысында "Құмай" этнографиялық паркі құрылды.

9 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1899 жылы ағылшын жазушысы, Мэри Поппинс туралы кітаптардың авторы Памела Трэверс дүниеге келді;

1914 жылы фин жазушысы, суретші Туве Марика Янссон дүниеге келді;

1963 жылы америкалық поп, соул және ритм-энд-блюз әншісі, актриса, продюсер Уитни Хьюстон дүниеге келді;

1976 жылы француз актрисасы Одри Тоту дүниеге келді.

9 тамызда Қазақстанда кім туды

1879 жылы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың белсенді қатысушысы, Қазақ КСР-інің халық ақыны Омар Шипин дүниеге келді;

1933 жылы ғалым-геолог, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының профессоры Мүфтах Диаров дүниеге келді;

1944 жылы Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ кинодраматургі Зәуреш Ерғалиева дүниеге келді;

1959 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер акдемиясының аға оқытушысы, доцент, Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ балалар мен жасөспірімдер академиялық театрының актрисасы Әсел Мәмбетова дүниеге келді;

1983 жылы еркін күрестен қазақ палуаны Дәулет Шабанбай дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде орналасады. Қомақты қаражатқа кенеліп, тұрақты кіріске ие боласыз. Соның арқасында армандап жүрген дүниеңізге ақша жинауға мүмкіндік туады. Осы мүмкіндікті пайдаланып қалыңыз, әйтпесе кейін сәті түспеуі де ықтимал.

Жаңалықтар
0