12:12 17 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD366.86
  • EUR424.49
  • RUB5.60
махаббат күні

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 тамыз

© Sputnik / Айсулу Жумагулова
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
168 0 0

Бұл – Григориан күнтізбесінде 223-ші күн. Жыл соңына дейін 142 күн бар

11 тамызда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз

11 тамызда әлемде қандай қызықты оқиға болды: 

Бүгін сүйген адамыңызға сезіміңізді білдіру үшін таптырмас күн. Дәл осы 11 тамызда әлемдегі ғашықтар Махаббат күнін атап өтеді. 

Түрікменстанда шекарашылар төл мерекесін тойлайды. 

11 тамызда "Қоқыс тамағы күнін" атап өтетіндер бар. Бірақ әзірге бұл мереке ресми түрде бекітілмеген. Атауы қызық мейрам, әсіресе, АҚШ-та кеңінен танымал. Бұл күні "фастфуд" мейрамханаларының қожайындары қонақтарды денсаулыққа зиянды жаңа тағамдармен таңғалдыруға тырысады. 

Ресейде дене шынықтырушы күні аталып өтеді. 

Чад Республикасының Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні.

11 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар:

1916 жылы Ирак пен Иран арасында достық туралы келісімшартқа қол қойылды; 

1919 жылы Германияның  Ұлттық ассамблеясы "Веймар конституциясын" қабылдады.

1926 жылы "Kodak" компаниясы түрлі-түсті кинотаспа жасау жұмысының басталғанын жариялады; 

1959 жылы Мәскеуде "Шереметьево" халықаралық әуежайы ашылды; 

1979 жылы Днепродзержинск аспанында екі "Ту-134" ұшағы соқтығысып,  салдарынан ташкенттік "Пахтакор" футбол командасы опат болды.

11 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1931 жылы Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің негізі қаланды. Бұл Қазақстанда қаржылық-экономикалық қызметтер үшін мамандар даярлай бастаған алғашқы білім мекемесі;  

1993 жылы 103 отбасы Ираннан тарихи отаны – Қазақстанға оралды; 

1995 жылы Жидебай қорығында Абай мен Шәкәрім күмбездері мемориалының ашылу салтанаты болды; 

2005 жылы Орал көшелерінің біріне белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Мұстахим Ықсановтың есімі берілді;

2017 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария Конфедерациясының президенті Дорис Лойтхардпен кездесті.

11 тамызда туған танымал тұлғалар: 

1795 жылы Александр Сергеевич Пушкиннің отбасының үй дәрігері болған Иван Спасский дүниеге келді; 

1939 жылы психотерапевт және емші Анатолий Кашпировский туды;

1946 жылы IQ деңгейі әлемде ең жоғары әйел Мэрилин Савант өмірге келді; 

1950 жылы америкалық компьютер жасаушы, Apple компаниясы құрылтайшыларының бірі Стивен Возняк дүниеге келді;

1953 жылы америкалық киноактер, рестлер және шоумен Терри Боллеа туды, ол көпшілікке Халк Хоган есімімен танымал; 

1955 жылы ел тарихындағы ірі қаржы пирамидасы "МММ" акционерлік қоғамын құрғаннан кейін аты шыққан ресейлік кәсіпкер Сергей Мавроди дүниеге келді; 

1956 жылы Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, театр және кино әртісі, педагог әрі режиссер Юрий Томошевски туды. 

11 тамызда Қазақстанда кімдер дүниеге келді: 

1929 жылы биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Фатима Полымбетова дүниеге келді; 

1925 жылы Кеңес Одағының батыры Альберт Кронит туды; 

1961 жылы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев өмірге келді; 

1968 жылы белгілі журналист Олег Червинский туды; 

1990 жылы ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Ай циклының соңғы күні гармония мен тыныштыққа толы болады. Бүгін өткен айды қорытындылап, өз-өзіңе есеп беру үшін таптырмас күн. Ай Бикеш белгісінде орналасады. 

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке тойланады: 3 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке тойланады: 2 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке тойланады: 1 тамыз
Кілт сөздер:
мереке, 11 тамыз, танымал есімдер, тарихи оқиғалар, атаулы күндер
Загрузка...

Басты тақырыптар