Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 тамыз

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 13 тамыз
Күнтізбе - 13 тамыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл - Григориан күнтізбесінде 225-ші күн. Жыл соңына дейін 150 күн бар

13 тамызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

13 тамызда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Халықаралық солақайлар күні. Бұл бастама 1984 жылы солақайлардың халықаралық конфедерациясында көтерілді. Себебі бүгінде техникалық құрал-жабдықтардың басым бөлігі оңқайлар үшін шығарылады. Ал әлем бойынша адамдардың 10 процентке жуығы - солақай. Танымал тұлғалар да солақай болған. Олардың ішінде Юлий Цезарь, Жанна д׳Арк, Наполеон, Уинстон Черчилль, Микеланджело, Рафаэль, ағылшын патшайымы Елизавета, Бетховен, Мэрилин Монро, Грета Гарбо және тағы басқалар бар.

Тунисте әйелдер күні аталып өтеді. 1956 жылы 13 тамызда осы мемлекетте әйелдер құқық субъектісі ретінде танылған. Мейрам алдында әйелдерге сан-алуан жеңілдіктер жасалады. Мәселен, ел үкіметі кешкі сағат 20:00-ден кейін көлікті жүргізетін әйелдерге айыппұл салуға тыйым салды.

Орталық Африка Республикасында - Тәуелсіздік күні. Бұл күні 1960 жылы Орталық Африка Республикасының Франциядан тәуелсіздігін алғаны жарияланды.

13 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1907 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы такси жолға шықты;

1912 жылы француз дәрігері Г. Один қатерлі ісік вирусын бөліп шығарғанын жариялады;

1913 жылы Ұлыбританияның Шеффилд қаласында алғаш рет тот баспайтын болат құйылды;

1966 жылы Тунисте қысқа белдемше киюге тыйым салынды;

2004 жылы Афина қаласында (Грекия) XXVIII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу рәсімі өтті;

13 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1919 жылы Түркістан майданы негізінде Түркістан әскери округы құрылды;

1920 жылы бірінші қазақ ақпарат агенттігі, қазіргі "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" ЖШС құрылды;

1942 жылы Алматыдан қазақ жауынгерлерінен тұрған 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды;

2003 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудан орталығынан 130 шақырым жердегі Бекетай құмдарында Исатай-Махамбет көтерілісшілерінің патша әскерімен шайқасқанына арналған ескерткіш орнатылды;

2007 жылы Батыс Қазақстан облысында археологиялық және өлкетанушылық жұмыстары нәтижесінде ұлы ақын әрі батыр Махамбет отырған зынданның есігі табылды;

2010 жылы Алматыда Қазақстандағы тұңғыш мүгедектер арбасымен жүретін мүмкіндігі шектеулі азаматтардың отбасылары үшін мамандандырылған тұрғын үй пайдалануға берілді;

2012 жылы қазақстандық боксшы Серік Сәпиев Олимпиаданың ең шебер боксшысына берілетін Вэл Баркер Кубогын жеңіп алды;

2017 жылы пауэрлифтерші Гузаль Ергешева Канадада өткен аласа бойлы адамдарға арналған әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

13 тамызда туған танымал тұлғалар

1899 жылы ағылшын және американ кинорежиссері Альфред Хичкок дүниеге келді;

1926 жылы Кубаның революциялық, мемлекеттік, саяси және партия қайраткері, команданте Фидель Кастро Рус дүниеге келді;

1975 жылы америкалық театр және кино актері, "Оскар" жүлдесінің иегері Кейси Аффлек дүниеге келді;

1980 жылы ресейлік әнші Стас Пьеха дүниеге келді.

13 тамызда Қазақстанда кім туды

1910 жылы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәби Дауылбаев дүниеге келді;

1935 жылы жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тельман Жанұзақов дүниеге келді;

1941 жылы белгілі филолог-ғалым, "Мемлекеттік тілге құрмет" қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Осман дүниеге келді;

1951 жылы Қазақстанның халық суретшісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Решат Қожахметов дүниеге келді;

1993 жылы ауыр атлетикадан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов дүниеге келді;

Ай күнтізбесі

Ай Тауешкі белгісінде орналасады. Басқа адамдармен қарым-қатынас орнату жағынан қиыншылықтар болады. Ал іскерлік ортада келіспеушіктер туындауы мүмкін. Бұл күнді қайырымдылыққа арналған дұрыс. Садақа беріп, көмек жасаған жөн. Батыл әрі жігерлі адамдардың жолы болады.

Жаңалықтар
0