Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 тамыз

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 17 тамыз
Күнтізбе - 17 тамыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 229-шы күн. Жыл соңына дейін 136 күн бар

17 тамызда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

17 тамызда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Бүкіләлемдік бұралқы жануарлар күні (International Homeless Animals Day) аталып өтеді. Бұл күн Халықаралық жануарлардың құқығын қорғау қоғамының (International Society for Animal Rights, ISAR) бастамасымен бекітілді. Олар бұл ұсынысты 1992 жылы жария етті, бастаманы түрлі елдердің жануарларды қорғау ұйымдары қолдады.

Бұл күн мейрам емес, оның мақсаты - панасыз қалған жануарлар проблемасын көтеріп, оларды мейлінше көп адамға жеткізу. Бүкіл әлем бойынша бүгін қайырымдылық шаралары өтеді. Волонтерлер концерттер, конкурстар мен аукциондар өткізіп, одан түскен қаржыны бұралқы жануарларға, бірінші кезекте иттер мен мысықтарға қамқорлық көрсетуге жұмсайды.

Ресейде бүгін Әуе флоты күні аталып өтеді. Тәуелсіз Ресейдің қазіргі тарихына сүйенсек, мейрам 1992 жылы бекітілген. Ал егер ертеректегі тарихқа үңілсек, әуе флотына Николай 2 мен Иосиф Сталин үлкен мән берген.

Қытайда бүгін Ци Си мейрамы – ең романтикалық дәстүрлі мереке, ол бақташы мен тоқымашы арасындағы махаббат тарихымен тығыз байланысты. 

17 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар 

1771 жылы ағылшын ғалымы Джозеф Пристли фотосинтезді ашты;

1787 жылы Будапеште бірлесіп ғибадат жасауға рұқсат етілді; 

1896 жылы Бриджет Дрисколл тарихта тұңғыш рет автокөлік соғып өлтірген адам ретінде қалды; 

1903 жылы АҚШ-та Пулитцер сыйлығы бекітілді;

1928 жылы Мәскеуде "Динамо" стадионы ашылды;

1974 жылы Гаванада алғаш рет бокстан әлем чемпионаты ашылды.

17 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 

2000 жылы Алматыдағы Орталық концерт залына композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілді;

2006 жылы "Әлем діндері" және "Діни ғимараттар" атты екі пошта маркасы айналымға енгізілді;

2009 жылы Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданындағы Қазақстан ауылы жанындағы "Хан сүйегі" төбесінде Уәли хан кесенесі бой көтерді;

2010 жылы Астана 2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізуге өтініш берді; 

2011 жылы ТМД атқарушы комитеті мен ЕурАзЭҚ және астаналар мен ірі қалалар халықаралық ассамблеясы ұйымдастырған байқаудың нәтижесі бойынша ТМД мен ЕурАзЭҚ үздік қаласы болып Шымкент танылды.

17 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1893 жылы америкалық актриса, ең атышулы жұлдыздардың бірі Мэй Уэст дүниеге келді; 

1911 жылы шахматтан кеңес одағының алғашқы чемпионы Михаил Ботвинник дүниеге келді;

1935 жылы кеңес және ресейлік театр және кино актері, КСРО халық әртісі Олег Табаков дүниеге келді; 

1943 жылы америкалық актер Роберт де Ниро дүниеге келді; 

1960 жылы америкалық актер, "Оскар" сыйлығының лауреаты Шон Пенн дүниеге келді. 

17 тамызда Қазақстанда кім туды

1924 жылы филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Рабиға Сыздық дүниеге келді;

1940 жылы суретші-мүсінші, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Ольга Прокопьева дүниеге келді; 

1963 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы (2017 жылдан) Жақып Асанов дүниеге келді;

1971 жылы Астана қаласының бұрынғы әкімі, ҚР Тұңғыш президенті қорының атқарушы директоры (2019 жылдан бастап) Әсет Исекешев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Балық белгісінде орналасады. Бүгін күрделі істер мен ауыр жұмысты кейінге қалдыған дұрыс. Сұлулық, махаббат, романтика, эмоция мен шығармашылық күні. Уақытты өзіңіздің қалауыңыз бойынша өткізіңіз.

Жаңалықтар
0