19:42 15 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD419.02
  • EUR494.02
  • RUB5.71
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
197 0 0

Бұл Григориан күнтізбесі бойынша 233-ші күн. Жыл соңына дейін 132 күн бар.

21 тамызда не болғанын білесіз бе? 

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik  Қазақстан дереқорынан біле аласыз.

21 тамызда әлемде қандай айтулы оқиға болды

Бүгін – Халықаралық терроризм құрбандарын еске алу және қастерлеу күні. Мереке 2017 жылдың желтоқсанында бекітілген болатын. Жаңа датаның мақсаты – терроризм құрбандары мен лаңкестіктен зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсету. Адам құқықтарын қорғау, ұлттық және халықаралық деңгейлерде заңның үстем болуы терроризмнің алдын алу мен оған қарсы күресте маңызды рөл ойнайды. Бүгінде терроризм әлем елдерінің ортақ проблемасына айналды.

Ресейде Офицер күні аталып өтеді. Мерекенің пайда болғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Бұл датаны бекіту бастамасын "Ресей офицерлері" қоғамдық ұйымы көтерген. Атаулы күн ресми мәртебеге ие болмаса да, гарнизондарда, әскери бөлімдер мен Офицерлер үйінде өткізілетін мерекелік шаралар саны жыл сайын артып келеді. Офицерлер құрамы – мемлекет армиясының бет-бейнесі, оның негізі мен тірегі. Командирлердің кәсібилігі, тәжірибесі мен сауатты тактикасына дисциплина мен тәртіп қана емес, армияның жауынгерлік дайындығы да байланысты. Ал бұл елдегі бейбітшілік мен тыныштық офицерлердің қолында деген сөз.

Сондай-ақ, бүгін Филиппинде Ниной Акино күні мерекеленеді. Мереке сенатор кіші Бенигно Акиноны еске алу құрметіне бекітілді. Саяси қайраткер 1983 жылы Манила халықаралық әуежайында қаза болған еді. 2004 жылы Акиноның көз жұмған күні ұлттық мереке және демалыс болып жарияланды. Кіші Бенигно Симеон "Нино" Акино – филиппиндік сенатор және Тарлак провинциясының бұрынғы губернаторы. Президент және диктатор Фердинанд Маркостың саясатына қарсы оппозиция лидерлерінің бірі. Елде әскери жағдай енгізілгеннен кейін, Акино қамауға алынды. Біраз уақыт түрмеде жатқан соң, АҚШ-қа кетуге мәжбүр болды. Филиппинде саяси ахуал ушыға бастаған кезде, Акино елге келіп, Маркоспен кездесуге бел буады. Өз өміріне қауіп төніп тұрғанын сезген Акино ұшақтан түсер алдында үстіне бронежилет киеді. Алайда бұл оны құтқарған жоқ: оппозиционер 1983 жылы 21 тамызда басына оқ тиіп көз жұмды. Демократия үшін өмірін қиған Ниной Акиноны еске алу күні мемлекеттік деңгейде аталып өтеді.

21 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1860 жылы Британиялық Колумбияда (Канада) алтын табылды;

1924 жылы Пушкин атындағы мемлекеттік қорық ашылды; 

1932 жылы Италияның Венеция қаласында тұңғыш рет халықаралық кинофестиваль өтті; 

1959 жылы Гавай аралдары АҚШ-тың құрамына елдің 50-ші штаты болып қосылды.

21 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1947 жылы Семей полигонының орталығы болған Курчатов қаласы құрылды; 

1991 жылы Елбасының жарлығымен Қазақ КСР Қауіпсіздік кеңесі құрылды;

1992 жылы Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымына кірді; 

2000 жылы Алматыда белгілі украин халқының ақыны Тарас Шевченконың ескерткіші ашылды; 

2012 жылы Астанада "Қазмедиа орталығы" телерадиокешені ашылды;

2016 жылы Павлодарда Малайсары батырға ескерткіш орнатылды. 

21 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1798 жылы француз тарихшысы, публицист Жюль Мишле дүниеге келді;

1871 жылы орыс жазушысы Леонид Андреев туды;

1921 жылы кеңестік латвиялық театр және кино актрисасы Вия Артмане өмірге келді;

1956 жылы америкалық актриса Ким Кэттролл туды; 

1973 жылы ресейлік кәсіпқой боксшы Николай Валуев дүниеге келді;

1973 жылы америкалық миллиардер, Google негізін қалаушы Сергей Брин өмірге келді; 

1987 жылы биатлоннан ресейлік олимпиада чемпионы Антон Шипулин туды. 

21 тамызда Қазақстанда кімдер туды

1889 жылы опера әншісі, Қазақстанның халық әртісі Александр Казакевич дүниеге келді;

1935 жылы баскетболдан КСРО және Қазақ КСР еңбек сіңірген бапкері Шора Юмашев өмірге келді; 

1964 жылы мемлекет қайраткері және дипломат, бұрынғы сыртқы істер министрі, бірнеше елде елші болып қызмет атқарып келе жатқан Ержан Қазыханов дүниеге келді;

1968 жылы жазушы-публицист, әдеби сыншы Амангелді Мырзабек туды.

Ай күнтізбесі

Бүгін шығармашылық, махаббат және рухани ізденістер үшін қолайлы уақыт. Бастаған кез келген ісіңіз сәтті болады. Жайсыз оқиғалардың болуы екіталай. 

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 15 тамыз
Теңгенің тағдыры: сарапшылар тамыз айының соңына болжам жасады
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 тамыз
Кілт сөздер:
21 тамыз, құрбандық мал, атаулы күндер, тарихи оқиғалар, діни күнтізбе, құрбан айт, мереке, танымал есімдер, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып