Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 23 тамыз

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 23 тамыз
Күнтізбе - 23 тамыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл - Григориан күнтізбесінде 235-ші күн. Жыл соңына дейін 130 күн бар

23 тамызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

23 тамызда қандай айтулы оқиға болды

23 тамыз ЮНЕСКО бастамасымен Халықаралық құл саудасы құрбандарын еске алу және оның көзін жою күні болып қабылданған. Бұл атаулы күн ХVIII ғасырдың соңында Сан-Домингода болған құлдар көтерілісіне орай бекітілген. Сол кезеңнен бастап бүкіл әлемде құл саудасы жойыла бастады. Құлдық пен құл саудасын адамзат бағзы заманда жойса да, бұл ұғым, өкінішке орай, қазіргі кезде де қоғамдық әрі гуманитарлық мәселелердің бірі болып отыр. Мамандандырылған және үкіметтік емес ұйымдардың мәліметіне сүйенсек, жыл сайын миллиондаған адам құлдыққа (еңбек құлдығы, секс-құлдық және тағы басқалары) тап болады. Әсіресе әйелдер мен балалардың құқығын таптау өршіп барады. Қақтығыс болып жатқан өңірлер мен радикалды топтардың ықпалындағы облыстарда немесе әскери іс-қимыл жүріп жатқан жерлерде бұл проблема аса қауіпті – мұндай аймақтарда адам саудасы белең алып тұр. Сонымен бірге тұрмысы төмен отбасылар мен қараусыз қалған жандар да сондай қауіпке ұшырайды.

Сондай-ақ бүгін Еуропада сталинизм мен нацизм құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. Мейрам 23 тамызда – Германия мен Кеңес Одағы арасындағы шабуылдамау туралы шартқа қол қойылған күні аталып өтеді. Оны 2009 жылы 2 сәуірде Еуропа парламенті бекіткен. Еске алу күнін бекіту туралы ұсыныс 2008 жылы 3 маусымда Вацлав Гавел мен Еуропа парламенті мүшелері қол қойған "Еуропалық ар-намыс және коммунизм туралы Прага декларациясында" айтылған. 2008 жылы 23 қыркүйекте Еуропа парламентінің 409 мүшесі еске алу күнін бекітуді қолдайтын декларацияға қол қойды. Декларацияда "сталинизм мен нацизмнің агрессия актілері негізінде жасалған, әскери қылмыс пен адамзатқа қарсы қылмысқа жататын жаппай қуғындау, өлтіру және құлдыққа салу" туралы жазылған. 2009 жылдың 2 сәуірінде Еуропа парламенті еске алу күні туралы заңды дауыс беру арқылы бекітті. 2009 жылдың шілде айында ОБСЕ парламент Ассамблеясы Вильнюсте өткен отырыс нәтижесі бойынша XX ғасырдағы тоталитарлық режимдер нацизм мен сталинизмді айыптайтын "Бытыраған Еуропаны біріктіру туралы" шешімді бірауыздан қолдады.

Украина тұрғындары бүгін Украинаның Мемлекеттік туы күнін атап өтеді. Атаулы күнді 2004 жылы президент Леонид Кучма бекіткен болатын. Сары және көк түсті ту алғаш рет 1848 жылы маусымда Львов қаласында тігілді. Жалпы екі түс ХХІ ғасырдың басында бірыңғай ұлттық болып қабылданды. Сары түс – пісіп жетілген бидай масақтарын білдіріп, әл-ауқаттың нышаны болса, көк түс ашық аспанды бейнелейді.

23 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1799 жылы Ленинградта бакенбард қоюға тыйым салынды;

1839 жылы ағылшын әскері Гонконгті басып алды;

1904 жылы автомобильге арналған шина шынжыры патенттелді

1913 жылы Копенгагенде Андерсен ертегісіндегі су перісіне арналған ескерткіш ашылды;

1928 жылы "Победа" кемесі іске қосылды;

1939 жылы Германия мен Кеңес одағы арасында шабуылдамау туралы шартқа қол қойылды.

23 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1996 жылы Алматыда Қырғыз Республикасының елшілігі ашылды;

2002 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағандының құрметті азаматы атанды.

2013 жылы Алматы облысының аумағында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Шығыс" өңірлік басқармасы Қарасай шекара жасағының құрамында жаңа "Қаскелең" шекара бекеті салтанатты түрде ашылды;

2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы "Әйелдерді қолдау орталығы" қоғамдық бірлестігінің жанында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға арналған баспана ашылды.

23 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1754 жылы Бурбон әулетінен шыққан француз патшасы XVI Людовик дүниеге келді;

1880 жылы орыс жазушысы, прозаик, романтикалық реализм бағытының өкілі Александр Грин дүниеге келді ("Алые паруса", "Бегущая по волнам", "Дорога в никуда");

1910 жылы футболдан әлемнің екі мәрте чемпионы Джузеппе Меацца туды;

1932 жылы Кеңес одағының мультфильм режиссері Давид Черкасский дүниеге келді ("Приключения капитана Врунгеля", "Остров сокровищ", "Доктор Айболит" мультфильмдері);

1964 жылы ресейлік әнші, композитор және ақын, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Алена Апина дүниеге келді;

1979 жылы ресейлік шоумен, әндер авторы әрі орындаушысы Семен Слепаков дүниеге келді;

1984 жылы "Ливерпуль" футбол клубының қорғаушысы Глен Джонсон дүниеге келді.

23 тамызда Қазақстанда кім туды

1911 жылы қазақтың белгілі сатирик-жазушысы, аудармашы Жүсіпбек Алтайбаев дүниеге келді;

1944 жылы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақұштап Бақтыгереева дүниеге келді;

1957 жылы Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исімбаева дүниеге келді;

1967 жылы парламенті сенатының депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ольга Перепечина дүниеге келді;

1969 жылы ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісінде орналасады. Бүгін бойыңызда күш-қуатыңыз тасып тұр. Кез келген кедергіден сүрінбей өтіп, қиындыққа да мойымайсыз. Ештеңеден тайынбаңыз, бұл күн өмір бойы есіңізде қалады.

Жаңалықтар
0