Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 тамыз

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 25 тамыз
Күнтізбе - 25 тамыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 237-ші күн. Жыл соңына дейін 128 күн бар

25 тамызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

25 тамызда қандай қызықты оқиға болды:

Бүгін Бразилия армиясы әскер күнін аталып өтеді. 1803 жылы 25 тамызда бұл елдің бас әскери қолбасшысы, маршалы Луиса Альвеса де Лима э Сильва өмірге келді. Ол отанының алдындағы әскери борышын 60 жылдан астам мінсіз өтеп, Бразилия мемлекетінің нығаюйына үлес қосты. 1961 жылы оған Бразилия армиясының жебеушісі атағы берілді. 1869 жылы Парагвайда болған соғыстағы ерлігі үшін Каксиас герцогі (Duke of Caxias) дәрежесіне ие болды. 1923 жылы оның туған күніне орай Бразилияда әскер күні мерекесі енгізілді. Бас әскери қолбасшысының құрметіне екі қалаға Дукуе Де Каксиас (Duque de Caxias) және Каксиас До Сул (Caxias do Sul) атауы берілді.

Бүгін әлемде табиғат қорғау мерекелерінің бірі – Жарқанат түні аталып өтеді. Мерекенің мақсаты – жұртшылық назарын жарқанаттар проблемасына және оларды қорғауға аудару әрі түнгі жануарлар туралы түрлі аңыздарды жою.

Сондай-ақ бүгін тағы бір ерекше мереке – консерві банкасының туған күні. Ет, балық, көкөніс және сүтті қалайы банкаларда конвервілеп сақтауға болады. 1810 жылы британдық өнертапқыш Питер Дюран осы бірегей тауарды патенттеген.

Сонымен қатар бүгін Украина авиация күнін, Уругвай Тәуелсіздік күнін, Франция Парижді азат ету күнін атап өтеді.

25 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар:

1609 жылы Галилео Галилей әлемдегі алғашқы телескопты таныстырды;

1793 жылы Марсель қаласын революцияшыл француз әскерлері басып алды;

1825 жылы Уругвай Бразилиядан тәуелсіздігін алды;

1912 жылы Қытайда "Халық мемлекеті партиясы" – Гоминьдан партиясының негізі қаланды. Партияны Сунь Ятсен басқарды;

1919 жылы әлемде тұңғыш рет Лондон – Париж тұрақты әуе бағыты іске қосылды;

1921 жылы АҚШ пен Германия арасындағы бейбітшілік келісіміне қол қойылды;

1939 жылы Польша мен Ұлыбритания арасындағы әскери ынтымақтастық туралы заңға қол қойылды;

1940 жылы – Англияның әскери әуе күштері Германия астанасы Берлинге шабуыл жасады;

1960 жылы Рим қаласында XVII Олимпиада ойындары басталды;

1973 жылы – әлемде бірінші рет томографқа түсірілген кескін алынды;

1978 жылы Испания өлім жазасын алып тастады;

1990 жылы Абхазия Грузиядан тәуелсіздігін жариялады;

1992 жылы КСРО президенті Михаил Горбачев КОКП-ны таратуды ұсынды.

25 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1994 жылы Алматыда Неміс үйі ашылды, ол Қазақстандағы немістердің негізгі байланыс орталығы, бірлескен ынтымақтастықтың символы болды;

1995 жылы Алматы қаласында теннистен халықаралық турнир — Президент кубогы басталды;

2005 жылы Алматыда Қазақстан энергетиктерінің алғашқы кеңесі өтті;

2005 жылы Алматыда "Жеті Жарғы" баспасы ҚР Конституциясының 10 жылдық мерейтойына орай заңнамалық актілер жинағын және ҚР Конституциясының кәдесый жиынтығын басып шығарды;

2009 жылы елордада Nur Otan халықтық-демократиялық партиясының орталық аппаратында Қазақстан әйелдері ұйымдарының форумы өтті;

2010 жылы Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесті;

2011 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Корея Президенті Ли Мен Бактың кездесуінен кейін Атырау қаласында газ-химиялық кешен құрылысын салу жөніндегі келісімге қол қойылды.

25 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1049 жылы ағылшын сыншысы және прозашы Мартин Амис дүниеге келді;

1530 жылы бүкіл Ресейдің бірінші патшасы Иван Грозный дүниеге келді;

1841 жылы швейцариялық дәрігер, қазіргі асептикалық құрсақ қуысы хирургиясының негізін салушылардың бірі, Нобель сыйлығының лауреаты Кохер Теодор дүниеге келді;

1862 жылы Procter & Gamble сабын компаниясының негізін қалаушы Уильям Проктер дүниеге келді;

1930 жылы британ актері, "Оскар" жүлдесінің лауреаты Шон Коннери дүниеге келді;

1938 жылы англиялық жазушы Фредерик Форсайт дүниеге келді;

1941 жылы КСРО-ның театр және кино актрисасы Маргарита Терехова дүниеге келді;

1951 жылы КСРО әртісі Татьяна Клюева дүниеге келді;

1958 жылы америкалық кинорежиссер Тим Бертон дүниеге келді;

1970 жылы кино актриса, модель Клаудия Шиффер дүниеге келді.

25 тамызда Қазақстанда кім туды 

1892 жылы режиссер және драматург, Қазақстанның халық әртісі Жұмат Шанин дүниеге келді;

1918 жылы ақын, әдебиет зерттеушісі Қайнекей Жармағамбетов дүниеге келді;

1925 жылы жазушы, драматург, Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмұқан Исабай дүниеге келді;

1936 жылы ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марфуға Айтқожина дүниеге келді;

1978 жылы елорданың Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Егіздер белісінде орналасады. Бүгін ештеңеге уайымдамай жақсылап демалаңыз. Сізге қатысты айтылған сынға, түсінбестікке назар аудармаңыз. Жүйкеңізді қалыпқа келтіріп, уақытыңызды тиімді өткіңіз.

Жаңалықтар
0