04:47 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Көңіл көтеру

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 қыркүйек

CC0 / Daniel Lages
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
123 0 0

Григориан күнтізбесі бойынша 247-ші күн. Жыл соңына дейін 118 күн бар.

4 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен ерекшеленетінін Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

4 қыркүйекте әлемде болған қызықты оқиғалар

Бұл күні бірқатар тамаша әрі айрықша мереке тойланады. Мысалы, Қызыққұмарлар күнін атап өтсе болады. Немесе Бейтаныс жолдар күні! Ең қызығы, осы мерекелердің бәрін қосып, жақсылап тұрып көңіл көтерген абзал. Өйткені 4 қыркүйек күні әлемде Көңіл көтеру күні аталып өтеді.

Сонымен бірге, бүгін — "Что? Где? Когда?" телеойынының туған күні. Танымал телешоу 1975 жылы алғаш рет шыққан. Бұл бағдарламаның көпшілікке танылуына Владимир Ворошилов үлкен үлес қосты. Оның айрықша келбеті, "білгірлер" мен "көрермендерді" жарыстыра білуі және қатысушыларға "түйткілді сұрақтар" қоюы ойынның қызығын арттыра түсіп, жоғары жетістікке жеткізді.

Арменияда бүгін Құтқарушылар күні тойланып жатыр. Ресейде – Ядролық қамсыздандыру бойынша мамандардың кәсіби мерекесі. Әлемде – Халықаралық тхэквондо күні.

4 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1781 – АҚШ-та Лос-Анджелес қаласының негізі қаланды;

1957 – «ТУ-104А» кеңестік реактивті жолаушылар ұшағы алғаш рет Мәскеу– Нью-Йорк рейсін орындады;

1959 – капрон шұлықтар алғаш сатылымға шығарылды;

1991 – Свердловск атауы Екатеринбург болып өзгертілді;

1998 – Google трансұлттық корпорациясы құрылды;

4 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1953 – Қарағанды политехникалық институты ашылды;

2007 – Астанада Қазақстандағы украин диаспорасына арналған «Вести Украины» газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді;

2009 – Прагада Чехия Республикасындағы Қазақстан халықтарының мәдениеті күндерінің ресми ашылуы болды.

4 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар

— 1768 жылы француз жазушысы, саясаткер және дипломат Шатобриан дүниеге келді;

— 1929 жылы ресейлік театр және кино актрисасы Нина Ургант ("Укротительница тигров", "Белорусский вокзал") өмірге келді. Атақты шоумен Иван Урганттың әжесі;

— 1956 жылы кеңестік футболшы, жартылай қорғаушы, КСРО-ның халықаралық деңгейдегі спорт шебері Сергей Шавло дүниеге келді;

— 1981 жылы америкалық  R&B әндерін орындаушы, биші және сәнгер Бейонсе дүниеге келді.

4 қыркүйекте Қазақстанда кімдер дүниеге келді?

— 1928 жылы  танымал геолог, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дубек Дүйсенбеков дүниеге келді;

— 1942 жылы жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлен Әбдіков өмірге келді;

— 1948 жылы ақын, Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған мемлекеттік әнұранының мәтінін жазған авторлардың бірі Жадыра Дәрібаева дүниеге келді;

— 1949 жылы білім сапасын қаматасыз ету бойынша Қазақстанның тәуелсіз агенттігінің президенті Шолпан  Калагова дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Егіздер белгісінде орналасады. Қажыр-қайрат күні. Көздеген мақсатыңызға орасан зор күш жұмсасаңыз да, шаршамайсыз. Дене шынықтырумен айналысу да пайдасын тигізбей қоймайды.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 қыркүйек
Кілт сөздер:
4 қыркүйек, тарихи оқиғалар, қызықты деректер, мереке, танымал есімдер
Загрузка...

Басты тақырып