22:10 14 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.52
  • EUR429.21
  • RUB6.07
Ерімбетовтер отбасы

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 қыркүйек

© Sputnik / Жансая Тәуекелқызы
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
58 0 0

Бұл Григориан күнтізбесіндегі 252-ші күн. Жыл соңына дейін 113 күн қалды

9 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

9 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиғалар болады

Бүгін әлем жұрты халықаралық сұлулық күнін атап өтіп жатыр. Бұл косметолог маман, пластикалық хирург, косметика өндіруші және оны сатушылардың мерекесі. Мереке халықаралық СИДЕСКО эстетика және косметология комитетінің бастамасымен белгіленді. Комитет 1946 жылы Брюсселде құрылып, әлемдегі сұлулық терапиясы ассоциациясы болып танылды. Әлемнің көптеген мемлекетінде 9 қыркүйек күні сұлулық байқауы өтеді. Мұндай байқау алғаш рет 1888 жылы Бельгияда өтті. Ал "Әлем аруы" байқауы 1951 жылы Лондонда өтті.

Сондай-ақ, бүгін халықаралық тырналар күні. Бұл сұлу құстардың алғашқы буыны динозаврлар кезінде пайда болды. Тырналардың тарихи отаны Солтүстік Америка болып саналды. Кейін олар Азияға, Австралия мен Америкаға таралды. Бүгінгі таңда тырналарды көбейту жұмыстары Антарктида мен Оңтүстік Америкадан бөлек аймақтардың бәрінде жүріп жатыр. Олар шамамен осы күні жылы жаққа ұшып кететіндіктен, мереке болып белгіленген.
Ал Қазақстанда бүгін отбасы күнін атап өтіп жатыр.

9 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1776 жылы Біріккен Америка Колониясы Америка Құрама Штаттары болып өзгертілді;

1913 жылы орыс әскери ұшқышы Петр Нестеров "өлі ілмек" атты ұшу өнеріне тән қиын фигураны орындады;

1956 жылы Элвис Пресли алғаш рет ұлттық телевидениеге шықты;

1970 жылы Волга автомобиль зауыты ВАЗ-2101 — "Жигули" көліктерін шығара бастады.

9 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1994 жылы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы үкімет мүшесінің анты туралы" қаулы қабылдады;

2005 жылы Қазақстан Республикасы бас прокурорының бұйрығымен Екібастұзда Қазақстандағы тұңғыш базалық прокуратура ашылды;

2005 жылы Астанада Қазақстанның алғашқы ұлттық жастар дельфий ойындары ашылды;

2005 жылы Алматыда Балқаш-Алакөл бассейндік кеңесінің алғашқы мәжілісі болып өтті;

2005 жылы Алматыда "Қауымдасқан қазақтың Қалдарбегі" атты естелік кітабы жарық көрді.

9 қыркүйекте әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1828 жылы орыс жазушысы әрі философ Лев Толстой дүниеге келді ("Война и Мир", "Анна Каренина");

1930 жылы кеңес киноактрисасы Надежда Румянцева дүниеге келді ("Девчата", "Королева бензоколонки");

1960 жылы ағылшын актер Хью Грант туды ("Дневник Бриджит Джонс", "Звездный атлас");

1966 жылы америкалық актер, әзілкеш Адам Сэндлер дүниеге келді ("Большой папа", "Счастливчик Гилмор", "Одноклассники");

9 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді?

1928 жылы жазушы, әдебиет сыншысы, әдебиет зерттеуші, филология ғылымының кандидаты Айқын Нұрқатов дүниеге келді;

1942 жылы жазушы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дүкенбай Досжан дүниеге келді;

1933 жылы пианист, педагог, концертмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Людмила Иванова туды;

1950 жылы экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің депутаты, қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова дүниеге келді;

1974 жылы ҚР әділет министрлігінің сот актілерін орындау департаментінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Бикештер үшін жайсыз күн болмақ. Мүмкіндігінше тек жақсы дүниелерге назар аударған жөн. Қайғы мен мұң тек энергияңызды шығындайды. Жаман ешнәрсе ойламаған дұрыс.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 қыркүйек
Кілт сөздер:
прокуратура, актриса, әнші, мереке, отбасы күні, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып