05:23 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
гүл

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 қыркүйек

© Sputnik / Владислав Воднев
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
124 0 0

Бұл Григориан күнтізбесі бойынша 253-ші күн, жыл соңына дейін 112 күн бар.

10 қыркүйекте не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз. 

Әлемде 10 қыркүйекте қызықты не болды

Бүгін әлемде түрлі түсті гүл шоқтары күні аталып өтеді. Адамдар бір-біріне күзгі гүлдер сыйлап, арқа-жарқа болатын күн. 10 қыркүйекте дүниежүзі бойынша флористердің көрмелері мен байқаулары ұйымдастырылады. 

10 қыркүйек — бүкіләлемдік суицидтің алдын алу күні. Бұл әлемдік денсаулық сақтау үшін жаһандық проблема. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, әлемде соғыс пен зорлық-зомбылықпен өлтіру салдарынан қанша адам өлсе, өз-өзіне қол жұмсаудан сонша адам көз жұмады. Бұл күн адамдардың назарын осы түйткілді мәселеге аудару амалдарының бірі. 

Қытай мен Гонконг бүгін Ұстаз күнін тойлайды. 

10 қыркүйекте әлемде қандай тарихи оқиғалар болды

1725 жылы Ресейде Александр Невский ордені бекітілді;  

1894 жылы Лондонда көлікті мас күйінде жүргізген алғашқы жүргізушіге айыппұл салынды;

1918 жылы тарихшы және журналист Ч. Репингтон алғаш болып жүріп жатқан соғысты бірінші дүниежүзілік деп атады; 

1940 жылы КСРО-да төлқұжат жөнінде ереже бекітілді;  

10 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1919 жылы Орынбор губерниясының Қазақстан құрамына енгізілуі туралы шешім қабылданды; 

1925 жылы сол кездегі Қазақстан астанасы (1925-1929) Қызылордада қазақтың бірінші ұлттық театры құрылды;

1993 жылы Қазақстанда Ресей мәдениетінің күндері басталды; 

1996 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары дипломатиялық мектебі құрылды; 

1996 жылы республикада алғашқы кадет корпусы құрылды; 

1999 жылы Австралияның Инебург қаласында өткен дүниежүзілік кинофестивальде Сатыбалды Нарымбетовтың "Көзімнің қарасы" фильміне бас жүлде берілді; 

2005 жылы Астанада Ұлттық академиялық кітапхана салтанатты түрде ашылды.

10 қыркүйекте әлемде дүниеге келген тұлғалар

1740 жылы орыс ғалымы, табиғаттанушы, саяхатшы Иван Лепехин дүниеге келді.

1925 жылы орыс композиторы Борис Чайковский дүниеге келді; 

1931 жылы кеңестік театр және кино әртісі Люсьена Овчинникова өмірге келді;

1955 жылы кеңестік және ресейлік әнші, Ресейдің халық әртісі Лариса Долина туды;

1974 жылы ресейлік шоумен, актер, тележүргізуші Александр Ревва дүниеге келді. 

10 қыркүйекте Қазақстанда кім туды

1894 жылы мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Сұлтанбек Қожанов дүниеге келді; 

1905 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР ағарту ісінің үздік қызметкері Әуелбек Қоңыратбаев дүниеге келді;

1908 жылы химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ахметжан Шәріпханов дүниеге келді;

1921 жылы "Даңқ" орденінің үш дәрежесінің толық иегері, Қазақ КСР білім беру саласының озық қызметкері, КСРО ағарту саласының озық қызметкері Мүтәш Сүлейменов өмірге келді; 

1939 жылы философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Амангелді Айталы дүниеге келді;

1948 жылы қоғам қайраткері, "Дос-Мұқасан" тобының негізін қалаушылардың бірі әрі оның мүшесі Шәріп Омаров дүниеге келді; 

1966 жылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы, қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері Тимур Құлыбаев дүниеге келді.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 қыркүйек
Кілт сөздер:
10 қыркүйек, атаулы күндер, тарихи оқиғалар, мереке, танымал есімдер, Тимур Құлыбаев
Загрузка...

Басты тақырып