20:31 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
Асқар Мамин

Асқар Маминнің өмірбаяны

© Sputnik / Болат Шайхинов
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Өмірбаяндар (79)
1512 0 0

Мемлекет және қоғам қайраткері Асқар Маминнің өмірбаянын Sputnik дерекқорынан оқыңыз

Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы 23 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келді. 

Білімі

— 1987 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. (инженер-құрылысшы);

— 2003 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясын тәмәмдады;

Отбасылық жағдайы 

Әйелі Мамина Алтынай Қасымқызы. Балалар: ұлы Данияр мен қызы Динара.

Еңбек өтілі

Монтаждаушы, "Целинтяжстрой" трестінің шебері (1987-1988);

Целиноград облыстық атқарушы комитеті Ішкі істер басқармасында борышын өткерген (1988-1991);

Қазақстанның инновациялық кәсіпорындары одағы бас директорының орынбасары (1991-1993);

"Интер-Ишим" ҚК бас директоры (1993-1996);

Ақмола (Астана) қаласы әкімінің бірінші орынбасары (1996-2000);

Ақмола АЭА әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары (1998-2000);

Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар вице-министрі (2000-2002);

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы (2000-2001);

"Инком Астана" ЖШС бас директоры (2002-2003);

Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және сауда министрлігінің бірінші вице-министрі (2003-2004);

Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрі (2005-2006);

Астана қаласының әкімі (2006-2008);

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ президенті (2008-2016);

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары (2016);

Басқа лауазымдары 

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2003-2004);

"Қазақстанның даму банкі" ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2003-2004);

"Kazakhstan Engineering" ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2003-2004);

Халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының вице-президенті (2007);

Қазақстан Республикасының шайбалы хоккей федерациясы президенті (2008-2012, 2016 жылы қайта сайланды);

Мәжіліс жанындағы "НҰР ОТАН" ХДП фракциясының мәслихаттар және азаматтық қоғам институттарымен байланыс бойынша кеңес мүшесі (2007);

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі (2008-2010);

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көлік, логистика және байланыс комитетінің орынбасары (2014-2016);

"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2015-2016);

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы (2016);

Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесіндегі өкілі (2016);

Партия құрамындағы қызметі

"Нұр Отан" ХДП саяси кеңесінің мүшесі;

"Нұр Отан" ХДП Астана қалалық филиалының төрағасы (2006-2008);

Марапаттары

"Ерен еңбегі үшiн" медалі (Қазақстан Республикасы — 1998);

"Құрмет" ордені (Қазақстан Республикасы — 2006);

"Астанаға 10 жыл" мерейтойлық медалі (Қазақстан Республикасы – 2008);

Қасиетті сенген князь Даниил Московский ордені (Ресей Федерациясы – 2010);

Екінші дәрежелі "Барыс" ордені (Қазақстан Республикасы – 2011);

Астана қаласының құрметті азаматы (Қазақстан Республикасы – 2011);

Құрметті теміржолшы (Қазақстан Республикасы – 2012);

Құрметті Легион орденінің кавалері (Француз Республикасы – 2013);

Міндет Крестінің гранд-офицері (Латвия Республикасы – 2013);

Қазақстанның құрметті құрылысшысы (Қазақстан Республикасы  – 2013);

"Азаматтық еңбегі үшін" орденінің үлкен кресті (Испания корольдігі – 2014);

"Дустулик" ордені (Өзбекстан Республикасы — 2017);

Ғылыми атағы

Техникалық ғылымдар кандиаты;

Әскери қызметі, әскери шені

Запастағы полковник;

Тақырып:
Өмірбаяндар (79)

Тақырып бойынша

Иманғали Тасмағамбетов туралы не білеміз?
Қасым-Жомарт Тоқаев туралы не білеміз?
Нұржан Төлендиев (Тука) туралы не білеміз?
Бекболат Тілеухан туралы не білеміз?
Димаш Құдайбергенов туралы не білеміз?
Кілт сөздер:
өмірбаян, Асқар Мамин, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып