Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 15 қыркүйек

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуІрімшік
Ірімшік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 258-ші күн. Жыл соңына дейін 107 күн қалды

15 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен ерекше екенін біліңіз

15 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиғалар болды

Италияның ең бір әдемі жері – Брада (Пьемонт) Ірімшік күні (фестивалі) тойланады. Бұл күн сүт тағамдарын, әсіресе ірімшікті жақсы көретіндер үшін нағыз жұмақ болып саналады. Ал мерекенің басты кейіпкерлері әлемге әйгілі ірі өндірушілер емес, ұсақ фермерлік қожалықтар. Фестивальге келген әр адам швейцариялық грюер, итальян моцарелласын, чеддер және тағы басқа ірімшік түрлерін татып көре алады, сонымен бірге йогурт, балмұздақ сияқты жеңсік ас жетіп артылады. Бұл мерекеге ірімшік өндірушілер Еуропаның түпкір-түпкірінен жиналады екен. Қаланың орталығына шатырлар тігіліп, шеберлік сағаттары, дегустация шаралары өтеді. Бұл күні өте көп мөлшерде ірімшік желінеді, ал ішілген итальян шарабының мөлшері одан да асып түседі.

15 қыркүйек әлемде Арықтап жүрген адамдардың күні болып бекітілген. Бұл артық салмақ мәселесіне назар аударып, адам ағзасына зиянын тигізетін диеталардың салдары туралы айтатын күн. Көптеген телеарналарда семіздіктің зияны және одан арылу жолдары туралы арнайы бағдарламалар күні.

Бүгін қатарынан бес ел Тәуелсіздік күнін атап өтеді – Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Никарагуа және Сальвадор.

Бұдан бөлек, Әзербайжанда Білім күні, Үндістанда Инженерлер күні тойланады екен.

15 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1917 – "Форбс" журналының бірінші нөмірі жарық көрді;

1956 – ТУ-104 ұшақтарымен тұрақты жолаушылар рейсі атқарыла бастады;

1959 – "Ленин" атомдық мұзжарғышы алғаш сапарға аттанды;

1971 – Green peace ұйымы құрылды.

15 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1989 – КСРО сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде алғаш рет тіркелген, Қазақстан аумағында шығарылған өнімдерді кең көлемде экспорттау және кел келген елден шектеусіз тауар импорттау бойынша бүкілодақтық сыртқы сауда бірлестіктерінің бүкіл құқықтарына ие болған "Қазақстан Коммерция" өңірлік сыртқы экономикалық қауымдастығы құрылды.

1995 – Қазақстан Республикасы президентінің жарлығы бойынша Ақмола еліміздің астанасы болды.

15 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар

— 1881 жылы итальян-француз ұлтынан шыққан автомобиль құрастырушы Этторе Бугатти дүниеге келді;

— 1890 жылы ағылшын жазушысы Агата Кристи өмірге келді;

— 1907 жылы америкалық актриса Фэй Рэй өмірге келді ("Кинг-Конг" фильміне түскен) 

— 1925 жылы кеңестік театр және кино актері Кирилл Лавров (фильмдері — "Живые и мертвые", "Укрощение огня", "Мой ласковый и нежный зверь").

15 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді

— 1934 жылы Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар конгресінің тематикалық блок басшысы, ҚР Ұлттық инженерия академиясының академигі Альберт Болотов туған;

— 1947 жылы Сүлейменов атындағы шығыстану институтының директоры, шығыстанушы, әдебиеттанушы, жазушы және сыншы Әбсаттар қажы Дербісәлі туған.

Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде орналасады. Ғылыми немесе қоғамдық қызмет тиімді ілгерілейді, әртүрлі байланыстарды еркін орнатуға болады. Романтикалық әңгіме-дүкен құруға да сәтті күн.

Жаңалықтар
0