Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 21 қыркүйек

© Photo : Рixabay/geralt қол алысу, иллюстрация
қол алысу, иллюстрация - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 264-ші күн. Жыл соңына дейін 101 күн бар

21 қыркүйекте не болғанын білесіз бе? 

Бұл күннің несімен ерекшеленетінін дереқорынан оқыңыз. 

21 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін Халықаралық бейбітшілік күні атап өтіледі. БҰҰ Бас Ассамблеясы елдердің бейбіт өмір сүруінің маңыздылығын ескере отырып, 1981 жылы нөмірі 36/67 резолюциясын шығарады, оған сәйкес жыл сайын қыркүйекте Халықаралық бейбітшілік күні тойланады. 

Бұдан бөлек, 21 қыркүйек — Армения, Белиз бен Мальтада Тәуелсіздік күні, Уругвайда көктем күні, Бразилияда ағаш отырғызу күні. 

21 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1792 жылы Францияда корольдік билік жойылды; 

1964 жылы Мальта Ұлыбританиядан тәуелсіздік алды;  

1973 жылы "Иван Васильевич меняет профессию" кеңестік кинофильмінің тұсаукесері өтті; 

1998 жылы АҚШ-та Моники Левинскидің ісі бойынша президент Билл Клинтоннан жауап алынған жазба көрсетілді. 

21 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1989 жылы Қаз КСР 11-ші шақырылымдағы Жоғарғы кеңесінің XIV сессиясы өтті, онда "Республикадағы саяси реформаны әрі қарай жүзеге асыру бойынша іс-шаралар" қаулысы, "Қаз КСР Конституциясындағы (Негізгі заң) өзгерістер мен толықтырулар туралы", "Қаз КСР тілдері туралы", "Қаз КСР Халық депутаттары жергілікті кеңестерінің халық депутаттарын сайлау туралы" заңдары қабылданды, сайлау және халық депутаттарын кері шақыру бойынша Орталық сайлау комиссиясы құрылды; 

1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Албания Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас ортану жөніндегі нота алмасу өтті. 

21 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар

1866 жылы ағылшынның фантаст жазушысы Герберт Уэллс дүниеге келді; 

1916 жылы кеңес одағының театр және кино актері, КСРО Халық әртісі Зиновий Гердт өмірге келді; 

1947 жылы белгілі америкалық жазушы Стивен Кинг дүниеге келді; 

1958 жылы кеңес одағының хоккейшісі, екі дүркін олимпиада чемпионы (1984 және 1988), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1982) Александр Кожевников дүниеге келді. 

21 қыркүйекте Қазақстанда кім туды

1903 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, драматург Вера Строева дүниеге келді; 

1925 жылы Кеңес Одағының Батыры Серікқазы Бекбосынов дүниеге келді;

1951 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов дүниеге келді; 

1958 жылы Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің мүшесі Иоган Меркель дүниеге келді;

1964 жылы кеңестік және қазақстандық шаңғышы, Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Бүгін мейірімділік, рақымшылық және сүйіспеншілік күні. Жақындарыңызға сыйлық берген жөн. Жанжалдасуға, басқаларды жек көруге, біреуге ренжуге болмайды. Игі іс жасаған абзал, бірақ өзіңді пайдалануға жол бермеу керек және жақсылығыңыз үшін алғыс күтпеу қажет. 

Жаңалықтар
0