13:09 18 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.42
  • EUR424.58
  • RUB6.00
Алматы қаласындағы №244 мектеп

Қазақстанда ұстаздар күні қашан?

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
134701

Елімізде ұстаздардың еңбегін жоғары бағалайды. Жыл сайын олардың жалақысын көтеру және жұмыстарын жеңілдету мәселелері қаралады

АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. 1994 жылдан бері дүние жүзінің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Кей мемлекеттер бұл мерекені 5 қазан күні атап өтеді.

Біздің мемлекетімізде де бұл мерекені қазан айының алғашқы жексенбісіне белгілеген. Дәлірек айтсақ, мұғалімдер күні 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО жоғарғы кеңесі президумының бұйрығымен қазан айының алғашқы жексенбісіне қойылған. Сондай-ақ 1966 жылы 5 қазанда ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері "Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар" құжатына қол қойған.

Ұстаздар күні — көпшілік жақсы көретін кәсіби мерекелердің бірі. Бұл күні ұстаздар өздерінің шәкірттерінен тілектер мен гүлдер, сыйлықтар қабылдайды. Сондай-ақ, мектептерде концерттер ұйымдастырылып, түрлі-түсті қабырға газеттері әзірленеді.

Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді.

Сол себепті мереке қарсаңында ұлағатты ұстаздардың жұмысын жеңілдету мақсатында мектептерде оқушылардың өзін-өзі басқару күндері өтеді. Жоғары сынып оқушылары ұстаздардың орнына төменгі сынып оқушыларына сабақ береді. Ол үшін алдын ала ұстаздардан ақыл-кеңес алады.

Қазақстандық ұстаздар бұл мерекені міндетті түрде педагогикалық ұжыммен бірге атап өтеді. Сондай-ақ, бұл күні үздік ұстаздар Астана қаласында бейбітшілік және келісім сарайында өтетін іс-шарада марапатталады.

Елімізде ұстаздардың еңбегін жоғары бағалайды. Осы бағытта жыл сайын олардың жалақысын көтеру және жұмыстарын жеңілдету мәселелері қаралады. Мысалы, 2017 жылдан бері мұғалімдерді бөгде жұмыстарға тартып, үй аралатуға тыйым салынды. Алайда бұл практика жүзінде әлі бар болғандықтан, биыл да Білім және ғылым министрі тамыз конференциясы кезінде облыс әкімдері орынбасарлары мен басқарма басшыларынан бұл практиканы тоқтатуды талап етті. Сондай-ақ, биылғы оқу жылынан бастап ұстаздар 5 құжат қана толтыруға міндеттелді. Олардан артық ешқандай құжат сұралмауы тиіс.

Министрлікте жаңа оқу жылынан бастап мұғалімдерді ҰБТ-ға қатысу міндетінен босату талқылануда. Осы орайда мектептер арасында ҰБТ бойынша рейтинг алынып тасталды.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 205 мың (67%) мұғалімнің жалақысы 30% көбейді. 2018 жылы педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді. Ол біліктілік санаттары үшін лауазымдық жалақыға 30-дан 50%-ке дейін қосымша үстемақыны қарастырады.

Мамыр айында өткен аттестаттауға 60 мыңға жуық мұғалім қатысып, олардың ішінен 36 мыңнан астамы сынақтан өтті. Олар 63%-ті құрады. Қыркүйек айынан бастап жаңа аттестация тәртібінен өткен мұғалімдерге категорияларына сәйкес қосымша ақы төленеді. Бұдан өзге елімізде ұстаздарға үй беру және т.б. мәселелер де қарастырылған.

Тақырып бойынша

Білім министрлігі ұстаздарға гүл сыйлауға тыйым салды ма
Ұстаз: Ninety one арқасында балаларымыз қазақ тілін біліп жүр
Қаскелеңде оқушының әкесі жартылай жалаңаш ұстаз бен ұлының үстінен түскен
Мұғалім оқушыларды мазақ қылғаны үшін директор жұмыстан қуылды
Құлағынан бұрап, басынан ұрған: мұғалім оқушыға қол көтергені үшін айыпталды
Мұғалім президент жолдауын тыңдамағаны үшін жұмыстан қуылған
Төмен жалақыға шағымданған мұғалім түрмеге қамалды
Кілт сөздер:
мұғалімдер күні, ұстаздар күні, мереке, мектеп, оқушы, Білім және ғылым министрлігі
Загрузка...

Басты тақырып