18:38 20 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD366.43
  • EUR420.11
  • RUB5.58
Кофе. Архивтегі фото

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 қазан

© Sputnik / Евгений Биятов
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
51 0 0

Бұл – Григориан күнтізбесінде 274-ші күн. Жылдың соңына дейін 91 күн бар

1 қазанда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

1 қазанда әлемде қандай қызықты оқиға болды: 

 1 қазан күні бүкіл әлемдегі кофе құмарлар өздерінің сүйікті сусыны – Халықаралық кофе күнін атап өтеді. Халықаралық кофе қауымдастығы мерекені 2014 жылы ресми түрде бекітті. Мереке еуропаның көптеген қаласында тойланады. Жергілікті дәмханалар мен мейрамханалар қонақтарға түпнұсқа кофе мәзірін дайындайды. Сонымен қатар, қызықты шеберлік сағаттары, көрмелер, концерттер мен кофе дәмін татуға мүмкіндік беретін марафон өткізіледі. Кофе базарлары ашылып, онда бүкіл әлемнен әкелінген үздік кофе дәндері сатылады. Мұнда әр түрлі рецеппен дайындалған кофені ішіп көруге болады. Мереке қонақтары үздік бар қызметкерлерінің жарысын тамашалап, олардан кофені кәсіби тұрғыда дайындаудан сабақ алады. 

Жапонияда алкогольді сусын – Саке күні  аталып өтеді. Шарап жасайтын елдер үшін күз – жүзім жинайтын уақыт. Алайда Жапонияда жағдай біршама басқаша, мұнда ең танымал ыстық сусынға негізгі шикізат ретінде күріш пайдаланылады. Бүгінгі мерекенің Nihon-shu-no Hi деп аталуы тегін емес, бұл сөз жапон шарабы күні деген мағынаны білдіреді. Мереке 1978 жылы Жапон шарап жасаушылар кәсіподағының орталық жиналысында белгіленді. Дата кездейсоқ таңдалмаған. Елде қазан айының басында күріш алқаптары жаңа өнім береді, тиісінше, жаңа шарап жылы басталады. 

Бүгін әлемде Халықаралық музыка күні аталып өтеді. Ол әншілер мен музыканттар, композиторлар, музыка мұғалімдері және консерватория оқытушылары, музыкалық оқу орындарында білім алатын студенттер үшін мереке саналады, алайда қарапайым музыка сүйер қауым да тойласа болады.  

1 қазанда сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы желтоқсандағы № 45/106 қарары негізінде Халықаралық қарттар күні аталып өтеді.  

Бұл күні Кипр, Палау, Тувалу және Нигерия елдері Тәуелсіздік күнін тойлайды.  

            1 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар: 

1847 жылы Siemens AG компаниясы құрылды;

1869 жылы Австрияда мөртабан басылған әлемдегі алғашқы пошта ашықхаты шығарылды;

1904 жылы Кругобайкалка теміржолында пойыз жүре бастады;

1931 жылы С.Орджоникидзе атындағы Харьков трактор зауытында алғашқы трактор жасалды;

1967 жылы түрлі-түсті бейнедегі телевизиялық бағдарламалар таратыла бастады;  

1981 жылы Швецияда Еуропа бойынша алғаш рет ұялы байланыс желісі жұмыс істей бастады. 

           1 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар: 

1893 жылы Верный қаласында (Алматы) облыстық сот және тұтынушылар қоғамы ашылды;

1922 жылы Көкшетау-Бурабай теміржол учаскесі пайдалануға берілді; 

1971 жылы Павлодар есеп-экономика техникумы ашылды.

           1 қазанда дүниеге келген танымал тұлғалар: 

— 1912 жылы танымал тұлғалар Анна Ахметова мен Николай Гумилевтің ұлы Лев Гумилев дүниеге келді. Кеңестік тарихшы-этнолог, археолог, шығыстанушы, жазушы, аудармашы;

— 1927 жылы кеңестік театр режиссері, актер және педагог Олег Ефремов дүниеге келді ("Три тополя на Плющихе", "Гори, гори, моя звезда", "Айболит-66" фильмдері);

— 1947 жылы Venus әнінің арқасында танымал болған голландиялық Shoking Blue тобының әншісі Маришка Вереш дүниеге келді;

— 1951 жылы кеңестік театр және кино актрисасы Нина Усатова дүниеге келді — ("Холодное лето 53-го", "Женская собственность", "Вот моя деревня" фильмдері).  

           1 қазанда Қазақстанда кім дүниеге келді: 

— 1878 жылы педагог, жазушы, аудармашы Спандияр Көбеев дүниеге келді;

— 1909 жылы қоғам қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының профессоры, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ш.Уәлиханов сыйлығының лауреаты, Ұлы Отан соғысына қатысушы Сақтаған Бәйішев дүниеге келді;

— 1918 жылы қазақстандық ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Сергей Луганский  дүниеге келді;

— 1930 жылы жазушы Көкей Сақабайұлы дүниеге келді;

1962 жылы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов дүниеге келді. 

           Ай күнтізбесі  

Ай Егіздер белгісінде орналасады. Оқу және интеллект күні. Өзіңіздің қабілетіңіз бен талантыңызды ашуды үйрену керек. Ақыл-парасатыңызды қолданып, белгілер мен мағыналардың ара-жігін ажыратыңыз. Жомарттық танытып, басқаға қамқор болыңыз. Даналық пен өз тәжірибеңізді бөлісіңіз.


Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 27 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 26 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 24 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 23 қыркүйек
Кілт сөздер:
Тәуелсіздік күні, кофе, 1 қазан, атақты адамдар, тарихи оқиғалар, танымал есімдер
Загрузка...

Басты тақырыптар