Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 қазан

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚыз гүл ұстап тұр
Қыз гүл ұстап тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 279-шы күн. Жыл соңына дейін 86 күн қалды

5 қазан күні не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын анықтамасынан оқыңыз.

6 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін қоршаған ортаны қорғау күні. Бұл халықаралық мерекенің басты мақсаты — адамзаттың назарын Жер фаунасын сақтауға қатысты проблемаларға аудару. Бұл мереке күнтізбеге 1979 жылы Берн конвенциясы аясында енгізілді. Адам өзінің жасағандарымен табиғатқа көптен бері кері әсерін тигізіп келеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, біздің дәуіріміздегі 19 ғасырда жер бетінен сүтқоректілердің 150 түрі, құстардың 139 түрі жоғалды. Бұл күні көптеген табиғатты қорғау үшін құрылған ұйымдар түрлі науқан ұйымдастырады. Мысалы, дүниежүзілік табиғатты қорғау одағы мен "Гринпис" деп аталатын экологиялық ұйым.

Бүгін күнтізбеден қызықты әрі бірегей мереке табылды. Ол — ессіз қалпақшы күні. (немесе Болванщик күні, бұл кейіпкерді Н. М. Демуров осылай атаған еді. Туынды "Алиса таңғажайыптар әлемінде" кітабының классикалық аудармасы болып саналады). Аталған мереке 1 сәуір — күлкі күнінен кейінгі орында тұрады. Алғаш рет оны бағдарламашылар 1986 жылы 6 қазан күні Колорадо штаты, Боулдер қаласында атап өткен-ді. Неге 6 қазан? Егер Джон Тенниелдің иллюстрациясына қарайтын болсаңыз, қалпақшының бас киіміне 10/6 деген жазуы бар қағаз жабыстырылған. Десе де бұл цифрдың нені білдіретіні белгісіз. Бәлкім оның бағасы 10 шиллинг және 6 пенс болған шығар? Немесе биіктігі — 10 дюйм, ал диаметрі — 6 дюйм. Қалай десек те оны бір кездері осы күні атап өту ұйғарылған екен.

Қалпақшы күні — бұл мәнсіздіктің мерекесі. Бір кездері Алиса Болванщик, Мартовский, қоян және Сонямен бір дастархан басына отырып осындай күй кешкен еді…

6 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1889 жылы Парижде "Мулен Руж" атты классикалық кабаре ашылды;

1959 жылы Израилде Таяу Шығыстағы алғашқы метрополитен "Кармелит" ашылды;

1977 жылы көп мақсатты кеңес истребителі МиГ-29 бірінші рет ұшты;

2010 жылы сурет пен видео алмасуға арналған Instagram желісі іске қосылды.

6 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Алматыда Азиялық тәуелсіз және плюралистік ақпарат құралдарын дамытуға ықпал ету жөніндегі ЮНЕСКО семинары өз жұмысын бастады;

1999 "Астана-Недвижимость" акционерлік қоғамы құрылды;

2004 жылы Қазақстан Республикасы үкіметі жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссия қорытындысымен Қарағанды облыстық мәслихаты Жаңаарқа, Осакаров және Шет аудандары елді мекендерінің атауын өзгерту туралы шешім қабылдады;

2005 жылы Қазақстан Республикасы аумағында жазушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 125 жылдық мерейтойына арналған пошта маркасы айналымға енгізілді;

2009 жылы "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" жастар қанатының жеке сайты www.zhasotan.kz ашылды;

2010 жылы Таразда орталық мешіт жанынан медресенің жаңа корпусы ашылды;

2010 жылы "KAZENERGY" V Еуразиялық форумы кезінде ҚР ТЖ министрі Владимир Божко мен оның әзербайжандық әріптесі Кямаледдин Гейдаров Каспий теңізіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөнінде үкіметаралық келісімге қол қойды;

2011 жылы АЛЖИР-де тұтқында болған литвалық әйелдерге арналған ескерткіш тақта ашылды;

2014 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" АҚ трансформация форумына қатысты.

6 қазанда әлемде дүниеге келген танымалдар

1907 жылы кеңес театр мен кино актрисасы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Вера Кузнецова дүниеге келді (Фильмдері "Үлкен отбасы", "Кемпір мен шал өмір сүрген");

1934 жылы кеңес кино актері Эдуард Бредун туды. Ол "Тарғылдардың ісі" қылмыстық драмасында Мити Неверовтың рөлін сомдағаннан кейін танымалдылыққа ие болды. Картина 1958 жылы прокаттың лидеріне айналды (оның 33,7 миллион көрермен тамашалаған);

1946 жылы кеңес кино мен театр актрисасы Екатерина Градова туды. "Көктемнің он жеті сәті" атты фильмде радист Кэттің рөлін сомдаған;

1951 жылы кеңес кино мен театр актрисасы Ирина Шевчук туған. Акриса "Бұл жерде таң тыныш" фильміндегі Рита Осянинаның рөлімен танымал. Сондай-ақ, ол "Ақ Бим, қара құлақ", "Әйел туралы повесть" фильмдерінде ойнаған.

6 қазанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1923 жылы қазақ елінің тұңғыш кәсіби биші-балетмейстері, Қазақстанның халық әртісі Дәурен Әбіров дүниеге келді.

1957 жылы Рудный индустриалдық институтының ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдірахман Найзабеков дүние есігін ашты;

1961 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Іргелі зерттеулер институтының директоры Асқар Арынғазин дүниеге келді;

1962 жылы ҚР парламенті сенаты аппаратының басшысы Серік Сыдықов туды;

1971 жылы Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ақан Жұмағұлов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Арыстан белгісінде тоқтайды. Бүгін қым-қуат тіршіліктен бір сәт демалатын күн. Түйсігіңіз жаныңызға терең бойлап, өзіңізді табуға себепші болады. Музыка тыңдап, саяхаттап, концертке барып, шығармашылықпен айналысқан жөн. Сондай-ақ, бұл күні өзгелеріңізбен біліммен бөліскеніңіз артықтық етпейді. 

Жаңалықтар
0