08:20 20 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD366.43
  • EUR420.11
  • RUB5.58
Вконтакте әлеуметтік желісі

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 қазан

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
16 0 0

Бұл – Григориан күнтізбесінде 283-ші күн. Жылдың соңына дейін 82 күн бар

10 қазанда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

10 қазанда әлемде қандай қызықты оқиға болды: 

Бүгін, 10 қазан әлеуметтік желілерсіз өмірін елестете алмайтындар үшін өте маңызды күн. Неліктен? Өйткені 2006 жылы осы күні "ВКонтакте" пайда болды. Қазіргі уақытта бұл әлеуметтік желі Ресейде өте танымал. Бұл платформа үшін оның негізін қалаушы Павел Дуровқа алғыс айту керек. Егер "ВКонтакте" тарихын еске түсірсек, ол бастапқыда сол кездегі интернеттің бүкіл ресейлік сегментін қамтитын "Одноклассники" желісіне едәуір ыңғайлы балама ретінде пайда болды. Айта кетейік, Павел Дуровтың желісі өзінің негізгі бәсекелесін бір-екі жылдан кейін-ақ басып озып, 2009 жылы Ресейдегі желі лидеріне айналды. "ВКонтактенің" аудиториясы одан әрі кеңейіп келе жатқанын айта кету керек, қазір әлеуметтік желі шетелде де кеңінен танымал. 

Сондай-ақ, 10 қазанда ресми болмаса да, өте жағымды мереке – Жапырақ сусылдату күні аталып өтеді. Қалай дегенде де аулада күз, бұл күні сіз үйіңізден шығып, жұмысқа барар жолда немесе түскі үзіліс кезінде "жапырақ сусылдатсаңыз" болады. Пах, шіркін! Сондай-ақ күзгі жапырақтар арасында фотосессия ұйымдастыра аласыз – әсіресе ол қазір сәнде екені айтылып жүр. 

Егер халықаралық мерекелер туралы айтатын болсақ, 10 қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні деп белгіленген. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен өткізіледі. Ресейде ол РМҒА академигі Татьяна Дмитриеваның бастамасымен 2002 жылдан бастап аталып өтеді. Бұл күні Ресейдің көптеген аймағында Психиатриялық мекемелердің ашық есік күндері, конференциялар, баспасөз конференциялары және басқа да іс-шаралар өтеді. 

           10 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар:

1865 жылы бильярд шары патенттелді;

1933 жылы АҚШ дүкендерінде әлемдегі алғашқы кір жуғыш ұнтақ пайда болды;

1956 жылы алғашқы ГАЗ-М "Волга" алғашқы сериялық автокөлігі зауыттан шықты;

1963 жылы Атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астында ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шарт күшіне енді. 

           10 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар: 

1939 жылы Ұлытау ауданы құрылды. Бұл Қазақстанның қазынасы өлкелерінің бірі деп аталады. Мұнда 600 тарихи ескерткіш бар;

1962 жылы Өскемен титан-магний комбинатының тәжірибелік цехы алғашқы өнімді — титан хлоридін шығарды;

2003 жылы Алматыда "Әлем діндері. Діни ғимараттар" көркемдік пошта маркалары таныстырылды.  

           10 қазанда дүниеге келген танымал тұлғалар: 

1938 жылы КСРО КГБ алғашқы бас басқармасының бұрынғы полковнигі (сыртқы барлау), британ барлау саласына жұмыс істеген сатқын Олег Гордиевский дүниеге келді. Сырттай өлім жазасына кесілген; 

1968 жылы КСРО халық әртісі Олег Янковскийдің ұлы – Филипп Янковский дүниеге келді ("Распутин", "Три мушкетер", " Охотники за головами" фильмдері);

1974 жылы Ресей театр және кино актері Григорий Антипенко дүниеге келді. "Не родись красивой" телесериалында Андрей Ждановтың рөлін ойнады. 2006 жылы үздік жыл актері ретінде "Телезвезда" халықтық сыйлығымен марапатталды. 

1984 жылы ресейлік кәсіпкер, бағдарламашы, миллиардер, "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуров дүниеге келді.   

           10 қазанда Қазақстанда кім дүниеге келді:

1906 жылы ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ғақаш Бияшев дүниеге келді;

 1914 жылы  ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Арықтай Қайыпов дүниеге келді;

1923 жылы ақын Абдулхай Рузыев дүниеге келді;

1925 жылы жазушы, аудармашы Хизмет Абдуллин дүниеге келді; 

1938 жылы ақын, жазушы Ерғазы Рахимов дүниеге келді;

1952 жылы Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Сержан Наметша дүниеге келді;

1953 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ ғарыштық техника арнайы жобалау технологиясы бюросының бас маманы Анатолий Васимов дүниеге келді. 

           Ай күнтізбесі  

Ай Сарышаян белгісінде орналасады. 2-ші ай күні. Екінші ай күні — бірінші ай күнінде жоспарланған жұмыстарды бастайтын немесе жоспарлауды жалғастыратын уақыт. Атап айтқанда, ағзаңызға қандай тағам қажет екеніне назар аударыңыз.  


Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 30 қыркүйек
Кілт сөздер:
тарихи оқиғалар, туған күн, мереке күндері, әлеуметтік желілер, танымал есімдер
Загрузка...

Басты тақырыптар