Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 қазан

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуБотқа
Ботқа - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 284-ші күн. Жылдың соңына дейін 81 күн бар

11 қазанда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

              11 қазанда әлемде қандай қызықты оқиға болды:  

Бүгін Халықаралық ботқа күні. Ботқа мерекесі алғаш рет Ұлыбританияда тойлана бастаған деген сыбыс бар, себебі ағылшындардың сұлы жармасына деген сүйіспеншілігі ерекше. Бұл дәстүр біртіндеп бүкіл дүниежүзіне таралды, жыл сайын 11 қазанда түрлі елдердің дәмханалары мен мейрамханаларында дәнді дақылдардан дәмді тағам пісіріледі. Осы күні ботқа пісіруден турнирлер мен чемпионаттар ұйымдастырылады, онда тәжірибелі аспаздар жарысқа түседі.  

Ирландия, Шотландия, Эстония, Франция және АҚШ-та бидай өнімдеріне арналған тақырыптық викториналар өткізіледі, онда ән, өлең және мақал-мәтелді қаншалықты жақсы білетініңіз белгілі болады. Ботқа күні — дәстүрлі орыс тағамымен байланысты рәсімдердің бар екенін еске түсіретін керемет мүмкіндік. Біздің ата-бабаларымыз астық жинау науқанының аяқталғанын жәрмеңкелермен, мерекелер және халықтық фестивальдермен атап өткен. Астық жинап, қамбаны дәнді дақылдармен толтырғаннан кейін шаруалар ботқа, қой және шошқа еті, балық, жұмыртқа, саңырауқұлақ және жеміс-жидекпен мерекелік дастарқан жайған.

11 қазан ең әсерлі мерекелердің бірі – Халықаралық қыздар күні (ағылшынша –International Day of the Girl Child) аталып өтеді. 

Бұл күнді мерекелеудің мақсаты – әлемдегі қыздардың әлеуметтік проблемаларына және теңсіздікке назар аударту. Оның ішіне білім алуға, толыққанды тамақтануға мүмкіндіктер, денсаулық сақтау, әлеуметтік құқықтар, кемсітушілік, зорлық-зомбылықтан және бала күнінен мәжбүрлі некеге тұрудан қорғау кіреді. 

1922 жылдан бері Ирландия Республикасының Ұлттық мейрамы — Конституция күні тойланады. Ирландия – Батыс Еуропада орналасқан мемлекет. Астанасы – Дублин қаласы.

           11 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар: 

1881 жылы америкалық Дэвид Хьюстон фотоапараттың фотопленкасына патент алды;

1887 жылы сайлаудағы дауысты санауға арналған электронды машина патенттелді;

1891 жылы Стокгольмде ашық аспан астындағы әлемдегі алғашқы "Скансен" этрографиялық мұражайы ашылды;

1931 жылы КСРО-да жеке саудаға толығымен шектеу қойылды;

1984 жылы америкалық астронавт әйел  Кэтрин Салливан  ашық ғарышқа шықты ("Челленджен" ғарыш кемесінің бортына STS-41G ұшуы).

           11 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1961 жылы Семей сынақ полигонында алғашқы жерасты ядролық жарылысы жасалды (1949 жылдың 29 тамызында Семей сынақ полигонында КСРО-дағы ядролық бомбалардың алғашқы сынағы өткізілді);

1973 жылы Алматы адвокаттар алқасы құрылды;

1994 жылы "Қазақтелеком" ААҚ компаниясы құрылды;

1997 жылы Қазақстанда "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасы қабылданды;

1997 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы құрылды;

2000 жылы "Түркістан" халықаралық энциклопедиясы жарық көрді;  

2007 жылы Қазақстан президенті Каспийдегі жаңа "Ақтау Сити" қаласының алғашқы іргетасын қалады. 

           11 қазанда дүниеге келген танымал тұлғалар:

1956 жылы Парагвайдың бұрынғы президенті Оскар Никанор Дуарте Фрутос дүниеге келді; 

1963 жылы Ресей театр мен киноактері, КВН-ның әділ-қазы мүшесі Игорь Верник дүниеге келді ("Физрук", "Кухня" телехикаялары);

1977 жылы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері (2000), Олимпиада чемпионы (2002) Елена Бережная дүниеге келді. Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының депутаты; 

 1976 жылы америкалық актриса және продюсер Эмили Дешанель дүниеге келді. "Кости" телехикаясында дәрігер Темперанс Бреннанның рөлін сомдады;

1976 жылы ресейлік әнші, репер, "Дискотека Авария" тобының бұрынғы мүшесі Олег Жуков дүниеге келді. 

           11 қазанда Қазақстанда кім дүниеге келді: 

1938 жылы философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбетқазы Ақатай дүниеге келді; 

1946 жылы "Абай және ХХІ ғасыр" халықаралық клубының президенті, жазушы, Қазақстан комсомолы сыйлығының, КСРО Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік өнер және мәдениет академиясының академигі Роллан Сейсенбаев дүниеге келді; 

1947 жылы "Солтүстік Қазақстан" облыстық газетінің бас редакторы; "Солтүстік Қазақстан" баспа үйінің директоры, Қазақстанның құрметті журналисі Иван Моор дүниеге келді; 

1965 жылы режиссер, сценарист Әмір Қарақұлов дүниеге келді;

1973 жылы "Астана" телеарнасының бас директоры Ләззат Танысбай дүниеге келді. 

           Ай күнтізбесі  

Ай Сарышаян белгісінде орналасады. Үшінші ай күні — белсенді іс-әрекеттер, күрес пен қысым күні. Үшінші айдың энергиясын дұрыс бағытқа жұмсай отырып, болашақ табыстардың негізін қалауға болады. Мүмкіндігінше энергияны өзіңізден үнемдемеңіз, жағымды энергияны игі істерге пайдалануға тырысыңыз.

Жаңалықтар
0