Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 қазан

CC0 / TerriC / Гүл мен майшам
Гүл мен майшам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 288-ші күн. Жыл соңына дейін 75 күн қалды

17 қазан күні не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

17 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін халықаралық кедейлікпен күрес күні. Мерекелердің қатарына қосуға келмейтін күндер бар. Десе де адамзат олар туралы білуі тиіс. Кедейлікке қарсы күрес күнін ойланбастан осы категорияға жатқызуға болады. Оны 1987 жылы Париждегі Трокадеро алаңына кедейліктен қайтыс болған адамдардың құрметіне ескерткіш қойғалы атап өтіп келеді. Бұл мерекені күнтізбеге енгізу бастамасын "Төртінші әлем" қозғалысы көтерді. Оның мүшелері әртүрлі науқан ұйымдастыру арқылы қоғам мен биліктің назарын халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына аударуға тырысады. 

Сондай-ақ, 17 қазан күні майшам жағып бас қосу мерекесі атап өтіледі. Оны кез келген адам атап өте алады. Ең бастысы, отырыстың қайда өтетінін белгілеу және қажетінше көбірек майшам сатып алу. Мұнымен қатар, майшамның қандай түрі болатыны да маңызды емес. Бұл күні отбасымен дастархан басына жиналып, өсіп келе жатқан ұрпаққа жастық шағыңызда не істегеніңіз туралы айтып беруіңізге болады. Тағы бір нұсқа — достармен жиналып, қызықты әңгіме-дүкен құру. Мұнымен қатар, сүйіктіңізбен бірге романтикалық кеш өткізуіңізге де болады. Егер бұл мерекені кіммен бірге өткізеріңізді білмесеңіз мұңаймаңыз. Кересінше бұл тыныштықта қалып, жан дүниеңізді ретке келтіруге таптырмас мүмкіндік болмақ.

17 қазан күні болған тарихи оқиғалар

1740 жылы Петропавл-Камчат қаласы құрылды;

1855 жылы болат дайындау процесі патенттелді;

1902 жылы АҚШ-та "Кадиллак" маркалы алғашқы автомобиль шықты;

1918 жылы Мәскеуде әлемдегі ең бірінші мемлекеттік ойыншықтар музейі ашылды;

17 қазанда Қазақстанда қандай тарихи оқиғалар болды

1981 жылы Алматыда Мәскеу және Алатау аудандары құрылды;

1981 жылы Алматының миллионыншы тұрғыны Бауыржан Қадырсызов дүниеге келді;

1992 жылы Алматы облысының Күрті ауданында батыр, ғалым, Қазыбек Тауасарұлына ескерткіш орнатылды;

1992 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресінің көшбасшыларының бірі Жанқожа батырға ескерткіш орнатылды;

2008 жылы Түркия Республикасы Ризе қаласының университетінде Махмуд Қашқаридың туғанына 1000 жыл толуына арналған "Ата сөздігіміз, рухани кенішіміз" халықаралық симпозиумі болып өтті;

2008 жылы Астанада "Ортақ әлем: әр түрлілік арқылы прогреске" халықаралық форумы өтті;

17 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1947 жылы Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Валентина Кособуцкая туды;

1948 жылы канада-америкалық актриса әрі продюсер Марго Киддер дүниеге келді;

1967 жылы Ресейдің мемлекеттік қайраткері, дипломат, аудармашы және Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жарық дүние есігін ашты;

1988 жылы украиналық әнші Иван Дорн туды.

17 қазанда Қазақстанда кім туды

1938 жылы философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұрат Сәбит дүниеге келді;

1939 жылы ғалым, филология ғылымдарының докторы Керімбек Сыздықов дүниеге келді;

1939 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Орысбай Баймырзаев туды;

1943 жылы жазушы Шәкен Күмісбайұлы өмірге келді;

1943 жылы ақын Мінуар Әкімханов туды;

1970 жылы қазақ эстрадасының әншісі Толқын Забирова дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тауешкі белгісінде тоқтады. Бұл сырласуға таптырмас күн болмақ. Сондай-ақ, бүгін ренжіскен адамдармен қайта татуласып, жаңа адамдармен танысуға таптырмас күн. Нағыз ғашық жандар кездесетін күн десе де болады.

Жаңалықтар
0