Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 қазан

© Photo : из архива Альберта АльмяшеваТорт
Торт - Sputnik Қазақстан
Жазылу

Бұл – Григориан күнтізбесінде 291-ші күн. Жылдың соңына дейін 72 күн бар

20 қазанда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

           20 қазанда әлемде қандай қызықты оқиға болды:  

Бүгін бүкіл әлемнің аспаздары өздерінің кәсіби мерекесі – Аспаз күнін атап өтеді. Бұл мереке Дүниежүзілік аспаздар қауымдастығының бастамасымен 2004 жылы енгізілді. Әртүрлі елдердегі сегіз миллионға тарта аспаз мамандығының өкілі осы ұйымның мүшесі саналады. Олардың арасында талантты адамдар да бар. Гиннестің ең ғажайып рекордтары – соған дәлел. Мысалы, сингапурлық шеф Саймон Санг 1 минуттың ішінде 8192 жолақ жұқа кеспе жасады. Пенсильванияда тұратын Альфонсо Сальво 5 минуттың ішінде 22 килограмм пиязды тазалады.

Мичиган мейрамханасындағы аспаздар тобы салмағы 84 килограмм тартатын әлемдегі ең үлкен гамбургерді дайындады. 

Отандық кондитерлер де өз шеберліктерімен дүйім жұртты таңғалдырды. Олар ұзындығы 140 метр және салмағы 144 килограмм болатын ең ұзын тортты пісірді.  

Италиялық Мирко Делла Веккья ақ шоколадтан көне құлып түріндегі ең көрнекті мүсінді жасады. Бұған ену қиын, бірақ оның салмағы 5,37 тонна тартады. Әлемдегі ең үлкен чизкейкті 55 мексикалық аспазшы пісірді – алып тоқбасардың диаметрі 2,5 метрді, биіктігі 56 сантиметрді құрады, ал салмағы – 2 133,5 килограмм.  

Огайо штатының Кливленд кондитер фабрикасының қызметкері және танымал филантроп Герберт Кингстонның күш салуымен қазанның үшінші сенбісі тәттілер мейрамына айналды. Бәрі Герберттің жетім балаларды тәтті сыйлықтармен қуантып, бұл шараға жұртшылықтың назарын аударуға шешім қабылдауынан басталды. Қазір Тәттілер күні бүкіл Америкада кеңінен тойланады, алайда бұл күн аспаздық реңктен айырылып, ғашықтар күні секілді тойланып жүр. Бұл мерекеде шулы карнавалдар, көше шерулері және театрландырылған қойылымдар өткізілмейді. Адамдар бір-біріне деген сүйіспеншілігін білдіріп, көңіл бөледі, жылы сөздер айтып, сыйлық ретінде дәмді тағамдар ұсынады. 

20 қазанда Халықаралық әуе диспетчері күнін ұмытып кетпеу маңызды, өйткені осы маңызды мамандықтың арқасында әлемде күн сайын миллиондаған адам аман-есен ұшып-қонады.

        20 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар: 

1880 жылы Түрлі-түсті бульвардағы Мәскеу циркі ашылды;

1929 жылы немістің Dornier Do X ұшатын жолаушылар қайығы алғашқы рейсін жасады;

1970 жылы КСРО-да "Спортлото" лотереясының бірінші ұтыс ойыны өтті;

1982 жылы Лужники қаласында трагедия болды – кептелістен 66 адам қаза болды;

2013 жылы аты аңызға айналған "Титаник" лайнері сауға батар уақытта ойнаған скрипка бәссаудада 1,6 миллион долларға сатылды.

        20 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1933 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрылды, оның ресми ашылуы 1934 жылдың 15 қаңтарында өтті. Бастапқыда университетте 2 факультет болды: физика-математика және биология;

 1934 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының іргесі қаланды. Алғаш Семей мұғалімдер институты болып ашылған;

1972 жылы О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты ашылды;

1956 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен Қазақ КСР-ні тың жерлерді игеруде жетістікке жеткені үшін Ленин орденімен марапаттау туралы шешім қабылданды. "Тың жерлерді игеру үшін" медалі тағайындалды;

2000 жылы "Астанабасжоспар" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны өз жұмысын бастады;

2009 жылы жаңғыртылған "Қазақ елі" монументі салтанаты түрде ашылды.

        20 қазанда дүниеге келген танымал тұлғалар: 

1935 жылы атақты кеңес музыканты, аранжировщик, "Поющие гитары" вокалды-аспапты ансамблінің негізін қалаушы Анатолий Васильев дүниеге келді;

1963 жылы ресейлік журналист, тележүргізуші, жазушы, актер, әнші, қоғам қайраткері Владимир Соловьев дүниеге келді;

1950 жылы америкалық рок-музыкант, The Heartbreakers тобының негізін қалаушы Том Пэрри дүниеге келді;

1971 жылы америкалық рэп орындаушы және музыкант Снуп Догг дүниеге келді. 

        20 қазанда Қазақстанда кім дүниеге келді: 

1908 жылы актер, Қазақстанның халық әртісі Сіләмбек Қыдыралин дүниеге келді;

1924 жылы жазушы, журналист Күлиман Жүнісова дүниеге келді;

1935 жылы журналист, аудармашы, жазушы, сыншы Төлеген Тоқбергенов дүниеге келді; 

1941 жылы ақын Кәрім Сауғабаев дүниеге келді;

1942 жылы жазушы, Қ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков дүниеге келді;  

1950 жылы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тоқсын Құлыбеков дүниеге келді. 

1963 жылы ауыр атлет, КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ауыр атлетикадан еңбек сіңірген спорт шебері, Астана қаласының құрметті азаматы Анатолий Храпатый дүниеге келді.

                 Ай күнтізбесі  

Ай балықтар белгісінде орналасады. Бұл күні күш-қайратыңыз артып, көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Өз энергияңызды дұрыс пайдалану үшін қолыңыздан келетін іспен айналысуыңыз керек, сәттілік күтіп тұрмайды. Сондай-ақ жануарларға көмектесу үшін қолайлы уақыт. 


Жаңалықтар
0